Білім • 16 Мамыр, 2017
Бүгінгі күні ауыл мен қала мектептеріндегі білім беру сапасы арасындағы айырмашылықты жою жоғары мәнге ие. Тіпті, мұның өзін үлкен стратегиялық және жедел тактикалық сипаты бар мәселе десе де болады. Қазіргі кезде осындай сапалық көрсеткішке қол жеткізудің басты жолдарының бірі жалпы орта білім беретін мектептердің «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжірибесін қабылдауы болып отыр. Мұндағы басты мақсат осындай өміршең қадамдар арқылы елдің барлық өңіріндегі жетекші мектептер санын өсіру десек, қателесе қоймаспыз.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2017
Қазақстан – халықаралық процестердің маңызды қатысушысы
Израильдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаэль БРОДСКИЙМЕН әңгіме
Қазақстан • 16 Мамыр, 2017
Баку қаласында Түркі кеңесі елдерінің Жастар істері және спорт министрлерінің екінші отырысы өтті. Отырысқа Қазақстанның, Түркияның, Әзербайжанның және Қырғызстанның жастар ісі және спорт мемлекеттік органдарының басшылары қатысты. Бұл шараға Қазақстан делегациясын Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын бастап барды.
Спорт • 16 Мамыр, 2017
Өнегелі турнир немесе ұлтты сүюдің үлгісі
Шахматтың не құдіреті бар, осы?! Апыл-тапыл басқан сәбиді де, қалжыраған қарияны да баурап, арбап алатын?! Адам жүрегін жаулап, санасын матап тастайтын шахмат – тұңғиық бір жұмбақ әлем. 97 жастағы Қази Мұхамедияров ақсақалдың Алматыдағы «Ардагер» шахмат клубына қарсылас іздеп келіп, тартысқа түсетінін немен түсіндіруге болады?! Сол құштарлықпен, ерекше құмарлықпен ғұмыр кешіп, қош-қош айтып жалғаннан өтті қария.
Футбол • 16 Мамыр, 2017
«Астана» зымырады, «Ақтөбе» құлдырады
Жексенбі күні өткен 12-тур ойындары ішінде «Оқжетпес» пен «Қайрат» арасындағы матчты бөле-жара атауға болады. Бұл ойын нағыз футболға тән тартысқа толы болды.