Сұхбат • 17 Мамыр, 2023
Осы күні Абай шығармаларын оқып, түсініп, дананың ұлағатты сөздерін өмірдің кейбір сәттерімен салғастырып, «апырмай, Абай қалай дәл айтқан» деп, хакімнің есімін аузынан тастамай айтып жүретін азаматтар сиректеу болса да кездесіп қалады. Мұндай адамдар көбіне оқу-білім, мәдениет саласында жүргендердің арасынан шығып жатады. Ал іскер жандар, дәлірегі әлгі оқу-білім, руханияттан басқа салаларда еңбек етіп жүргендер қатарынан Абай шығармаларынан мысал келтіре сөйлейтіндер сирек кездесетіні рас...
Саясат • 17 Мамыр, 2023
Асқар Ақаев, саяси қайраткер, академик: Қазақстан БРИКС-ке мүше болуға лайықты...
Алматыға Ақаев келді. Иә, бауырлас Қырғыз елінің тұңғыш президенті. Саяси сахнадан әлдеқашан кеткенімен, саясат жөнінде дәріс оқиды. Әлемнің көптеген жоғары оқу орны шақырады. Бұл жолы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де дәріс оқыды. Ұлттық университетіміздің құрметті профессоры ретінде екінші келісі екен.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2023
Мәдениет үйі жоқ облыс орталығы
Түркістан облысында жылу жүйесі жүргізілмеген, электр пешпен жылытылатын, шатыры әбден тозған, ылғалдан еденге төселген тақтайлар шіри бастаған кітапхана бар. Қабырғалары зәктенген ғимаратта қалыпты температурада сақталмаған соң кітаптардың ылғал тартып, жарамсыз күйге түсуі әбден мүмкін. Өткен ғасырдың 70-жылдары монша ретінде қолданылған бүгінгі кітапхана ғимараты құлаудың алдында тұр.
Қоғам • 17 Мамыр, 2023
Қазақтың сарқылмас рухани мұрасын ел ішінде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде, атап айтқанда, Ресей, Түркия, Франция, Польша, АҚШ, Испания, Аустрия, тағы басқа жұртта насихаттап жүрген белгілі өнер қайраткері, өнертану ғылымдарының кандидаты Эльмира Жаңабергеннің есімі көпшілікке кеңінен таныс. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Эльмира Манасқызы Сыр елі, Арал – Қазалы музыкалық-эпикалық дәстүрінің қазіргі кездегі көрнекті өкілі, жыршы, зерттеуші және ұстаз.
Руханият • 17 Мамыр, 2023
Әдетте Алаш ардақтылары туралы сөз болғанда Жетісу өлкесінен, оның ішінде Алматы облысынан Ыбырайым Жайнақовты, Садық Аманжоловты ғана ауызға аламыз да, бұлардың айналасында да Алаш идеясын жақтаушылар болғанына көңіл аудара бермейміз.