Сауда • 21 Мамыр, 2024
Тасымал нарығындағы ойыншылар қойма тапшылығын қатты сезініп жатыр. «NF Group» зерттеуі бойынша қазір еліміздегі А және В класындағы қойма көлемі – 1,3 млн шаршы метр. Бүкіл қоймадағы бос орын үлесі небәрі 1 пайыз ғана. 1,3 млн шаршы метрдің 51 пайызы – А, 48 пайызы В класына тиесілі екен. Қоймалардың 72 пайызы – Алматы, 22 пайызы – Астана қаласында және 5 пайызы өзге өңірлерде орналасқан. Алдағы жылдарда ахуал тіпті күрделенбек. ПЭК (логистикалық қызметтердің мультисервистік операторы) шолуына мән берсек, алдағы екі жылда қоймаға деген сұраныс қолданысқа беріліп жатқан көлемнен 7 есе асып түсіп, 700 мың шаршы метрді құрауы мүмкін.
Сауда • 21 Мамыр, 2024
Орталық Азиядағы сауда қатынасы қай деңгейде?
Әлемдік сауда интеграциясындағы ендігі үрдістің беталысы белгілі болып қалды: «Қиындықтарға қалай қарсы тұрамыз және мүмкіндіктерімізді игере аламыз ба?» деген мәселе күн тәртібіне берік орнықты. Бұл – Орталық Азия елдерінің №1 проблемасы.
Энергетика • 21 Мамыр, 2024
Қымбат тариф кәсіпкерлікке кедергі: Ақтөбеде жарық тапшылығы жоқ, бірақ баға аспандап тұр
Облыстық кәсіпкерлер палатасында электр энергиясына тарифтің көтерілуіне байланысты туындаған шағымдар қаралды. Өткен жылдың соңында энергиямен жабдықтау саласындағы делдалдар қызметіне шектеу қою мақсатында Энергетика министрлігінің жанынан қуат таратушы бірыңғай оператор құрылды. Соның нәтижесінде биыл сәуірден бастап еліміздегі электр энергиясын тарату жүйесінің 18%-ын иеленген «реттелмеген» компаниялар нарықтан кетті.
Қоғам • 21 Мамыр, 2024
Шетте ұлт абыройын асқақтатқан қайраткер
Шымкент қаласы әкімдігі мен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үшінші мегаполисте қазақтың біртуар азаматы, Ресейдің Кемерево өңірін ширек ғасырға жуық басқарған мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Төлеевтің 80 жылдығына арналған «Жеке тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
Тарих • 21 Мамыр, 2024
1897 жылы Ресей империясы тұңғыш халық санағын өткізді. Осы санақ қорытындысы бойынша қырғыздар – 200 мың, тәжіктер – 350 мың, түрікпендер – 280 мың, өзбектер – 726 мың, сарттар – 968 мың, қарақалпақтар – 104 мың, қазақтар 4 млн 84 мың адам деп көрсетілді. Осында көрсетілген Орталық Азия халықтары, яғни біздің көршілеріміз, арадан 120 жыл өткенде өз табиғи өсімімен, бүгіндері, бірі 26 есе, бірі 28 есе, бірі 30 есе көбейіпті.