Руханият • 17 Мамыр, 2023
Адамды кейде сан-сауал жан-жақтан қармап, тұңғиық ойға батырады. Әсіресе «Өмірдің мәні неде?» деген сұраққа келгенде тұйыққа тірелгендей күй кешесіз. Жалпы, бұған әр адам түрлі жауап береді. Шынында, өмірдің мәні не? Бұған біз жауапты жазушы Бегабат Ұзақовтың «Аманат» атты әңгімесін оқығанда тапқандай болдық. Бас-аяғы жинақы жазылған шағын әңгімеде қазақы танымға берік қария өмірінің жалғасы – немересіне бойындағы бар қазынасын аманат етіп кетсем дейді.
Поэзия • 17 Мамыр, 2023
Қаламгердің әрбір туындысы – оның жан дүние әлемінің айнасы. Сол айнада сырға толы, жұмбаққа бай суреткер жаны бедерленеді. Мысалы, «Мен осы бір суретті көрген сайын сені есіме алатынмын немесе сені есіме алған сайын осы бір суретті көретінмін...» деп басталатын «Жылымық» әңгімесін алайықшы. Мұнда жазушы Оралхан Бөкей өлмейтін күллі адамзаттық тақырыптарды шебер суреттейді.
Әдебиет • 17 Мамыр, 2023
Қазақ ақын-жазушыларының көшпелілер өміріне, түркі дәуіріне соқпағаны кемде-кем шығар. Бергі күннің суретіне жан бітіргеннің өзінде тамырды, негізгі өзекті сол замандардан тартып жатады. Шәкәрім Құдайбердіұлының «қазақтың арғы атасы батыр Түрік» деуі, Мағжан Жұмабаевтың «Түркістаны», Ұлықбек Есдәулеттің «Біз – түркілерміз» деп сарнап ала жөнелетін жыр сарыны, тізе берсе көп. Тәңір текті түркілер дәуірі айдай ақиқаттың өзі бола тұра, шынында да тарихтың ертегісі сияқты. «Тұранды түгелімен билеп тұрған, ертеде ертегі хан Афрасияб» дейтіні сондықтан шығар Мағжан ақынның.
Әдебиет • 17 Мамыр, 2023
Тоқсаныншы жылдар шамасында басталған постмодернистер дүрмегі әдебиетімізде қандай айтыс-тартыстар тудырғанын әлі ұмыта қойғамыз жоқ. Бүгінгі күні ондай қозғалыс болмағандай жым-жырт қоя салғанымыз басқаны қойып, әдебиет тарихы үшін де обал. Қайткенмен де олар ақын-жазушылардың ортасында ғана емес, қалың оқырман арасында да талқыға түскенін көзіміз көрді емес пе. Оларға әртүрлі саяси ұстанымда болғанымен, өздерін жаңа көзқарастағы адамдар санайтын жекелеген тұлғалар да қызығушылық танытқанын іштей біліп те жүрдік. Соцреализм тұсында қалыптасқан, бірақ ұлттық болмысын жоғалтпаған дәстүрлі әдебиеттің күні біткендей өрекпігеніміз де есімізде. Олар дәстүрлі әдебиетіміздің Мұхтар Мағауин, Асқар Сүлейменов, Сайын Мұратбеков сынды талантты өкілдерін қалқан етіп ұстады.
Табиғат • 17 Мамыр, 2023
Кейінгі жылдары өңірде ақбөкеннің саны күрт көбейді. Зообелсенділер жалпы саны 6,5 миллион басқа жуықтады деген жорамал айтып жатыр. Қалай болған күнде де еселеп өскені анық.