Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2015
Бүгінде 90-нан асып отырған Камали Дүйсембеков ақсақал өзі жүріп-тұратын қалпында. Жеңіс мерекесі жақындаған сайын үйден гөрі көбіне жұрт арасында. «Данқ» орденінің ІІ және ІІІ дәрежесінің екі мәрте, «Ұлы Отан соғысы» орденінің І және ІІ дәрежесінің иегері, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Қырымды азат еткені үшін», «Севастопольді алғаны үшін» медальдары кеудесінде қоса жарқыраған абыз ардагерді жиындарға, кездесулерге шақырушылар аз емес. Бәріне баруға тырысады.