Құшағы кең, мейірімі бөлек халық
Өзге этностар сияқты Қазақстанды мекендейтін поляк жұртшылығы да қиын-қыстау кезеңде бауырына басып, жылы құшағын айқара ашқан қазақ халқының жақсылығын ешқашан ұмытпайды. Қызылжар өңірінде тұратын поляктардың аға буыны кезінде сталиндік қуғын-сүргін зобалаңына ұшырап, туған жерінен еріксіз аластатылған. Олардың естеліктерін тыңдағанда жүрек сыздап, сай-сүйек сырқырайды.
Қазақ халқы «Мың өліп, мың тірілген қазақпыз» деп жатады. Сол айтқандай, сонау қиын-қыстау заманда, 1944 жылдары Қазақстанға қоныс аударып «Мың өліп, мың тірілген» Ахыска түріктері мына біздерміз.
Халқымыздың басына қасірет болып төнген сұрапыл ашаршылықты көзімізбен көрдік. Ол кезде мен төрт жаста едім. Алғаш біздің жағдайымыз жаман болған жоқ. Тіршілігіміз күн көріске жетіп жататын, әкеміз орта шаруа еді. Ұста, шебер кісі болған. Аздап алтын да сақтаған. Соны ауылдың атқамінерлері біледі екен. Талай рет тіміскілеп таба алмаған.
Талай ғасырлық көне тарихында қазақ халқының бастан кешірген қиямет-қайымы көп, әрі сан алуан. Соның бірі – 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін. Оған да сексен жыл болып қалыпты. Неге олай болды екен деп осы қанқұйлы оқиға туралы аз айтылып жүрген жоқ. Солай болуға тиісті де. Өйткені, кеңес заманында сөз болмаған, арнайы талданып, зерттелмеген бұл тақырыпты көпшілік білуі керек, одан тиісті қорытынды шығаруымыз қажет-ақ. Осыған орай архив қоймасына тағы да үңіліп, кейбір деректерді тілге тиек еткенді жөн көрдік.
«Албасты сай» атауының астарында не жатыр?
Қазір «Қасірет» деп аталатын кешеннің қасиетін ұқпайтындар да бар. Шымкент қаласындағы «Қасірет» мемориалдық ескерткіштер кешені орналасқан жер бұрын «Албасты сай» аталып келген болатын. Қарапайым халық әлі де солай атайды. Атынан адам шошитын осы бір сөздің астарында талай құпияның жатқаны анық.