Бокс • 14 Мамыр, 2018
Тайсон Әлидің кегін қалай қайтарды?
Осыдан 30 жыл бұрын яғни, 1988 жылы атақты боксшы Майк Тайсон өзінің бала кездегі арманын орындау үшін ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын бәске тікті. Оның арманы – Мұхаммед Әли жеңілген Ларри Холмсты жеңіп, Әлидің кегін қайтару болатын.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Шаш алу – біздің қоғамда елеусіздеу кәсіп, елеусіз болса да арнайы мамандануды талап ететін өнер. Ал осы саланың білікті маманы болу үшін не істеу керек, қанша уақыт кетеді!? Ғаламтордағы хабарламаларға көз жүгіртіп көрсек, бір-екі айда үйрететіндер көп екен. Мәселені нақты, қайнаған ортасынан білмек болып, Астанада жұмыс істеп жүрген шаштараздың бірімен әңгімелесіп көрдік.
Тарих • 14 Мамыр, 2018
Қарағанды облысы, Шет ауданында өмір сүрген көрнекті күйші, Мәдениет қайраткері Дәулетбек Сәдуақасов «феодализмнің сарқыншағы» деген желеумен атылып кеткен Арқаның атақты күйші-композиторларының мұрасын алашқа аманаттап жеткізген теңдессіз тұлға. Күй тартпақ түгілі, домбыра ұстауға қорыққан зобалаң жылдары барлық жәдігерлерді жадында сақтап, ел арқасын кеңге салған уақытта қайта жарыққа шығарды.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Батырдың рухына құрмет көрсетілді
1916 жылғы қазақ жерін түгел дерлік қамтыған ұлт-азаттық көтеріліс көсемінің бірі Бекболат Әшекеев екендігі тарихтан белгілі. Иә, 1843 жылы алып Алатаудың Үшқоңыр биігінің етегінде туған, жасынан сауатты, яғни арабша оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу, би болған, болыстық қызметтің де дәмін татқан, діндарлығы да бар ол Жетісу жеріндегі, атап айтқанда Үшқоңыр алқабындағы бас көтерудің батыл басшысы болды.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Жаңаарқалық жаужүрек – ел жадында
Қарағанды қаласының іргесіндегі Спасск әскери полигонында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұрпаққа үлгі болар тарихи негізді шара өтті. Ұлы Жеңіс мерекесі мен Курск иініндегі әйгілі шайқастың 75 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Тарихта қалған батырлар» атты әскери квест Кеңес Одағының Батыры Амантай Дәулетбековтің ерлігіне арналды.