Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Ұлтшыл коммунист бола ма, жоқ па?
Өткен ғасырдың басы – қазақ жұрты үшін өзегіне өзгеше идеология тықпаланған, ел арасы қайшылықтарға толы аса күрделі, аласапыран кезең ретінде тарихқа айналды. Уақыт іздері сарғайған парақтарда сақталды. Осы орайда оқырманға Смағұл Сәдуақасұлының «Ленин Һәм ұлт мәселесі» мақаласына қарсы жазылып, «Еңбекшіл қазақ» газетінің 1924 жылғы №176 санында жарық көрген Серікқали Жақыпұлының «Ұлтшыл коммунист бола ма, жоқ па?» атты мақаласын ұсындық. Өткеннен сабақ, тұлғадан тағылым ретінде келесіде осы мақалаға Смағұл Сәдуақасұлының жауабын да жариялайтын боламыз.
Тарих • 14 Мамыр, 2018
Қазақтың біртуар қызы – Ләтипа Мұңайтпасқызы
Қазақтың біртуар қызы, суретші Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызының дүниеге келгеніне биыл 125 жыл толып отыр. Бойында сан қырлы өнері болған осынау тұлғаның өмірі мен өнері туралы екінің бірі біле бермейді. Біз сөз еткелі отырған хас шебер, суретші, әртіс, сән үлгісінің шебер тігіншісі Ләтипа Мұңайтпасқызы 1892 жылы қазіргі Сырдария ауданының Қоғалыкөл ауылында туған.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Мәдениет және спорт министрлігі Заң жобаларын таныстырды
Өткен аптаның аяғында Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт министрлігінің заң шығармашылық қызметіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
«100 жаңа оқулық» тілді де жаңғыртады
ҚазҰУ-дің әл-Фараби атындағы кітапханасында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыруға арналған «Болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2018
Бауырластықты бекемдеген басқосулар
Орталық Азия мемлекеттерінің әлеуметтік-мәдени, экономикалық-саяси ынтымақтастығы соңғы уақыттарда қарқынды дами бастағаны белгілі. Әсіресе өңірдегі мемлекеттер басшыларының кездесулері Орталық Азия елдері президенттерінің Ұлыстың ұлы күні – Наурыз қарсаңында Астанада бас қосуы, көршілес елдер арасындағы көпжақты байланысты жаңа деңгейге көтерді. Атам заманнан бір дарияның кәусарын бөліп жұтып, бір дарақтың көлеңкесін ортақ саялаған бауырлас халықтардың достық қатынасы нығая түскеніне тілектес болып, алдымен құптап-қуанып, қарымды қызмет ететіндер ғалымдар мен ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері екені анық.