Әлем • 19 Мамыр, 2022
Сайлау: Үміткерлердің уәдесі қандай?
Ертең Аустралияда парламент сайлауы өтеді. Саяси науқанға елдің қазіргі премьер-министрі Скотт Моррисон қатысып жатыр. Оның басты қарсыласы – Лейбористер партиясының белді мүшесі Энтони Албаниз. Бүгінде үгіт-насихат жұмыстары тоқтатылып, сарапшылар болжам жасауда. Бірқатар сарапшы үміткерлердің сайлауалды бағдарламасынан халық шешім күткен өзекті мәселелер қалыс қалды дейді. Жалпы осы күнге дейін экономикасы мен экологиясы гүлденіп тұрған Аустралияның қазіргі жай-күйі мен халқының жағдайы қандай?
Қоғам • 19 Мамыр, 2022
Әлеуметтік желі қасіреттің ортасына айналып барады
АҚШ-тағы Нью-Йорк штатының Буффало қаласындағы атыс ақ нәсілділердің үстемдігіне сенетіндердің азаймай тұрғанын көрсетті. Әсіресе, мұндай үрдіс жастар арасында да кездесіп отыр.
Медицина • 19 Мамыр, 2022
Сәбидің саулығы – ұлттың байлығы
Биыл кеншілер астанасында облысты түгелдей қамтитын балалар ауруханасы есігін айқара ашпақ. Бұл елеулі оқиғаның «Балалар жылына» тұспа-тұс келіп отырғанының өзі қуанышты еселей түседі. Бұл – бір. Екінші жағынан, медицина саласы мамандары келтірген деректер бойынша, соңғы жылдары жаңа туған нәрестелер арасында аурушаңдық белең алған екен. Ал жаңа нысанның бұл қатермен күресте мықты құрал болары сөзсіз.
Ахмет Байтұрсынұлы • 19 Мамыр, 2022
Тілтанымымыздың болашағын айқындаған тұлға
Ғылым ордасында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілтанымының болашақ бағдарына» арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Ғылым • 19 Мамыр, 2022
Креативті ой-өрісі, ізденістері, алдына қойған қандай да болсын мақсатқа жету қағидасы Оразалы Сәбденнің күнделікті өмірінің алгоритмі десе болады. 1970 жылы Қазақ химия-технология институтын бітірген жас маман болашақта мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық жаһандық зерттеулер академиясының, Халықаралық жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының академигі және «Қазақстан ғалымдары одағының» президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор болатынын кім білді.