Ғылым ордасында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілтанымының болашақ бағдарына» арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

«Ахмет оқулары» аясында өткен ғылыми жиынды институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан жүргізіп, ЮНЕСКО деңгейінде аталып өткелі отырған А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына дайындық, отандық ғалымдар атқарған жұмыстар туралы атап өтті. Жиын мінберіне ұлт ұстазының жиені Айман Байсалова шақырылып, құрмет көрсетілді.
Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің алқалы жиынға арнайы жолдаған құттықтау хатымен институт директорының орынбасары, PhD Ермахамбет Маралбек таныстырды. «Ахмет Байтұрсынұлы ұлтының сауатын ашып, қыр баласын өркениеттің өріне сүйреп, қоғамдық өмірдің сан саласында ұлт үшін қызмет етіп, рухын оятқан қайраткер. Тарих толқынында қаншама әділетсіздікке ұшыраса да ұлтымыздың әлем мемлекеттерімен терезесі тең тәуелсіз ел болуына қосқан үлесін жаңа ұрпақ түсінуі керек. Министрлік А.Байтұрсынұлының принциптері мен әдістемесі бойынша қазақ баласының сауатын ашатын алғашқы кітабы «Әліппені» қайтарып, мектеп бағдарламасына қайта жаңғыртып енгізді. Бұл біздің атқарған бір ісіміз ғана. Сан қырлы еңбегі заманауи ілімдер тұрғысынан зерттеліп, қолданысқа енуі – жаһандану заманында ұлтымыздың бет бейнесін, рухын сақтап қалудың, білімін дамытудың бірден бір жолы», деп атап өтті министр.
Ардақты тұлғаның ел мүддесі жолындағы еңбегін жас ұрпақ санасында жаңғыртуды мақсат ете отырып, А.Байтұрсынұлы атындағы музейдің қала меншігіне өтуі мен еңбектерін насихаттауда жүзеге асатын іс-шаралар барысына тоқталған қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев бүгінде қайраткер мұрасын ұлықтаудағы цифрлық мүмкіндіктер туралы атап өтті.
Алаштың рухани көсемі, қазақ тіл білімі мен ғылымының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы А.Байтұрсынұлының мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту, ұлт келешегіне арналған құрмет, деп атап өтті өз сөзінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева.
Жиын барысында сонымен қатар қайраткердің немере інісі Ибрагим Ағытай «Ахметті қудалау бабасынан басталған» зерттеуін көпшілік назарына ұсынды. Ахмет Байтұрсынұлының өмірін зерттеуді жалғастырып жүрген И.Ағытай қайраткердің бала кезінде тұрған үйін қалпына келтіріп, «Бәдрисафа» тарихи-танымдық экспедициясы аясында Орынбор, Омбы, Том, Әулиекөл, т.б. өлкелерден ұлт ұстазы туралы мәліметтерді толықтырғаны белгілі. Ұлт қайраткерінің басынан кешкен қилы тағдыр, ұрпақтарын қудалау ісі әлі де ғылыми қауымдастық тарапынан зерттеуді қажет етеді.
«Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі ғылыми білім, парадигмаларға» қатысты зерттеуінде ахметтанушы, Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Маханбет Жүсіпов Байтұрсынұлы графикасының әлемдік деңгейдегі рөліне қатысты баяндады. Ғалым еңбектеріне арналған төрт монографияны жарыққа шығарып, жаңа басылымның әзірленіп жатқандығынан хабардар еткен М.Жүсіпов ғалымның алфавит жазудағы ұстанымдары хақында ой өрбітті.
Петербор мұражайында А.Байтұрсынұлы еңбектеріне арналған көрме ұйымдастырып, қайраткер еңбектерін зерделеп жүрген Ресей ұлттық кітапханасының қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Алексей Андронов, Ш.Шаяхметов атындағы Тіл-Қазына ғылыми-практикалық орталығының директоры Е.Тілешов, ҰҒА мүшелері З.Базарбаева, Б.Момынова, К.Құрманәлиев, Е.Қажыбек, тағы басқа ғалымдар баяндама жасап, ғалымның тілтанымдық бағыттағы еңбектерінің маңызын аша түсті. Осы орайда академик К.Құрманәлиев ұлт ұстазы негізін қалаған қазақ тілі туралы орыс және өзге шет тілдерінде ақпараттық-танымдық жұмыстарды жүйелеу, орыс тіліндегі контенттерді қаперге алу туралы ұсынысын білдірді.
Алқалы жиынға жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, ұлт ұстазының сан қырлы еңбектері жайлы мазмұнды зерттеулермен танысты.
АЛМАТЫ
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар