Футбол • 16 Мамыр, 2023
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) ел чемпионатының сәуір айындағы үздік жаттықтырушысы мен футболшысының есімдерін атады.
Теннис • 16 Мамыр, 2023
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан теннистен WTA 1000 санатындағы «Мастерс» турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Жәдігер • 16 Мамыр, 2023
Ұлт асылдарының бірі Жүсіпбек Аймауытұлы заманында он саусағынан өнері тамған шебер болыпты. Өз қолымен жасаған ағаш сызғышы, сия сорғышы жергілікті музейде қаз-қалпында сақтаулы тұр.
Театр • 16 Мамыр, 2023
Адасқан адамдар өмірі сахналанды
Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры сахнасында Ақтөбе қаласындағы №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы «Жанталас» актерлік мектебінің жас өнерпаздары драматург Думан Рамазанның «Бейуақ» пьесасын сахналады.
Пікір • 16 Мамыр, 2023
Сана ағармай, талғам тазармайды
Сырт көз, сырын білмейтін ел кімнің ішінде қандай ит өліп жатқанын қайдан білсін? Кейде ет пен сүйектен жаралған пенденің жайын күйттеу дейміз-ау. Ол түгілі, басқарудың жоғары дәрежедегі ұйымдасқан жүйесі – мемлекет те солай, басынан түрлі жағдаяттар тізбегі өтіп жататын, қан тамыры бүлк-бүлк етіп соғып тұрған тірі ағза тәрізді. Біздің қазақ «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» дегенді неге айтқан десем, «адасу» да, айыбы болмау үшін «қайтіп үйірін табу» да, тек тіріге тән қасиет екен ғой. Оның да біреу біліп, біреу білмейтін сан түрлі сырлары бар. Шынын айтқанда, біздің қоғам «Сыпайы сырын білдірмес, ақырын ғана бүлк етер» ескі тәмсілмен тек ілбіп басып, әрең жүріп келе жатыр екен. Кешегі қаңтар оқиғасы бізге осының шындығын ашып көрсетті.