Театр • 16 Мамыр, 2023

Адасқан адамдар өмірі сахналанды

469 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры сахнасында Ақтөбе қаласындағы №78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы «Жанталас» актерлік мектебінің жас өнерпаздары драматург Думан Рамазанның «Бейуақ» пьесасын сахналады.

Адасқан адамдар өмірі сахналанды

Сахнада қарым-қатынас­тары күрделенген отбасының шым-шытырық өмірі барынша анық көрсетілді. Бір шаңырақ астында тұрып жатқан ерлі-зайыптылардың ортақ мүддесі жоқ, олардың өзара тіл табыса алмауының зардабын балалары тарт­қан. Ержеткен ұлдары қайы­рымсыз да қатал, жастайынан ата-ананың мейіріміне шөлдеп өскен қыздары бойжеткен кезде үйлерінен кетуге мәжбүр болады. Отағасының ойы – сыртта, аңдығаны – атақ пен мансап, сол үшін де арын сатудан арланбайды. Шаңырақты ұйыстырып отыратын отағасының балаларымен шаруасы болмаған соң, ержеткенде олар да әкесін онша керек қылмайды. Бұл үйдің керегесін отанасы ғана тіреп тұрғандай. Ана­сы отағасы мен балаларын татуластыруға тырысып, жаманды жасырып, жақсысын асырып, жаны қалмай шырылдап жүрсе де, еңбегі зая кетеді. Өйткені із­гілік пен мейірімге, бір-бі­ріне деген жаны ашу сезімі іргетасына әуел бастан қа­ланбаған үйдің берекесі жоқ. Ортақ құндылық болма­са, бір әке-шешеден туған адам­дардың да өгей болатынын жас әртістер көрермен жү­регіне жеткізе білді.

Қойылым премьерасына облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, көрермендерге ой саларлық дүниені сах­на­лаған №78 мектеп оқу­шылары мен актерлік мек­теп­тің жетекшісі Фархат Шын­теміровке алғыс айтты. Өңір басшысы әрбір мектепте осындай шығармашылық ошақтары болуы керек­тігін алға тартып, мұндай ор­та­лықтар балалардың тұл­ға­лық жағынан қалыптасуына әсер ететінін жеткізді.

Осыдан екі жыл бұрын құ­рылған мектеп театрының мақсаты – оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалар бойына рухани қазынаны сіңіріп, кітап оқу мен өнерге баулу.

 

Ақтөбе облысы