Еңбек • 16 Мамыр, 2023
Еңбегі көп, еңбекақысы аз жұмысшы мәртебесін қайтсек арттырамыз?
Қоғамда өзі таңдаған мамандықтың қыр-сырын жетік білетін, еңбегі адал жастар да, жасамыстар да көп. Соның ішінде жұмысы ауыр, жаны сірі мамандарға сұраныс әлі де болса жоғары болып тұр. Мұндайда біз тұрақты табысы болмаса да кейбір мамандықтарға мұрын шүйіре қарайтындардың барын жоққа шығара алмаймыз.
Балалар • 16 Мамыр, 2023
18 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім, техникалық және кәсіптік білім ошақтары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірлік үстінде. Бұл ұйымдарда осы оқу жылында 5 миллионнан астам оқушы мен тәрбиеленуші білім алды.
Білім • 16 Мамыр, 2023
Бүгін елімізде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Науқан 5 шілдеге дейін жалғасады. Биыл 177 мыңға жуық түлек орта мектепті тәмамдайды. Былтырмен салыстырғанда түлектер саны 7 мың адамға көп. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын түлектердің 75-80 пайызы ҰБТ тапсырады.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте су проблемасына да ерекше тоқталып өткен еді. «Суды үнемдеп тұтынуымыз керек. Мен су тапшылығының артып жатқанын ұдайы айтып жүрмін. Сарапшылардың пайымдауынша, 2040 жылға қарай суға деген сұраныс 50 пайызға артады. Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін», деді Президент. Осы орайда, 1981-1990 жылдар аралығында республикамыздың Су шаруашылығы және мелиорация министрі болған белгілі гидротехник Нариман Қыпшақбаевпен еліміздің су мәселесі жөнінде аз-кем әңгімелескен едік.
Құрылыс • 16 Мамыр, 2023
Қызылорда қаласы мен 7 аудан орталығы күре жол мен теміржолды жағалай қоныс тепкен Сыр өңірінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі іске қосылғалы бері алыс-беріс, барыс-келіс артып, тіршілік жандана түсті. Одан бөлек, жылдан-жылға облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу аясы ұлғайып, қазір көп елді мекенге қиналмай жетуге мүмкіндік туды.