Мереке • 15 Мамыр, 2023
Ардагерлер ерлігі ұлықталған күн
Биыл миллиондаған адамның өмірін жалмаған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 78 жыл. Осыған орай Шымкентте маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ең бастысына тоқталсақ, «Даңқ» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Осыған орай өткізілген іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлердің ұрпақтары қатысты.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2023
Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері Руслана Ибраева мен Александра Фельдман пластик құтылардан төсемтас жасап шығарды. Білім ордасындағы «Шекарасыз бизнес» кәсіпкерлік клубының жетекшісі Жанат Контробаеваның айтуынша, қазірдің өзінде экоөнімді сатып алуға бірнеше кәсіпорын ниет білдіріп отыр. Алайда оған өнімді көбейтіп шығаратын арнайы құрылғының жоқтығы қолбайлау болып тұр.
Хоккей • 15 Мамыр, 2023
Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының екінші күнінде еліміздің ұлттық құрамасы төрт дүркін жаһандық доданың жеңімпазы Чехия хоккейшілерімен шеберлік байқасып, ірі есеппен жеңіліп қалды.
Спорт • 15 Мамыр, 2023
Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында атой салып, Көк туды биікте желбіреткен қазақтың батыр ұлдарын жанкүйер қауым елорда әуежайынан сый-құрмет көрсетіп күтіп алды. Жаһандық жарыста жасындай жарқылдаған жерлестеріміздің жеңісіне ортақтасқан дүйім жұртшылық спортшыларға ізгі тілектерін жолдады.
Спорт • 15 Мамыр, 2023
Талапты жастар қатысқан турнир
Исі қазақта Жәнібек есімді батыр бірнешеу. Соның ішінде Ер Жәнібек Бердәулетұлы қазіргі Семей облысындағы Жарма ауданының Ортабұлақ ауылы маңында жерленген. Қабанбай, Наурызбай, Дәулетбай, Бөгенбай сияқты аты аңызға айналған батырлармен бірге тізе қосып, ұлтының азаттығы жолында жауымен бел шешпей күрескен.