Білім • 20 Мамыр, 2021
Үш ауысымды мектеп мәселесі өзекті
Ақтөбе қаласындағы үш ауысыммен оқытылатын № 12, 53, 60, 63, 64, 68 орта мектептері ғимараттарының жанына жапсарлас құрылыс салуға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалау жұмыстары басталды. Соған қарамастан алдағы үш айда қосымша ғимараттар құрылыстары аяқталмауы себепті №12, №60, №64 мектептері үш ауысымдағы оқуды жалғастыра береді. Ал Шалқар, Темір, Қарғалы аудандарында үш ауысымды үш мектептің жүктелімін азайту үшін жаңа мектептер құрылысы басталды.
Спорт • 20 Мамыр, 2021
Бұл күндері Швейцарияның Лозанна қаласында садақ атудан Әлем кубогының кезеңдік сайысы өтуде.
Үкімет • 20 Мамыр, 2021
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында саяси ұйымның өңірлердегі «қайта жаңғыруы» және Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы электораралық кезеңге қойған міндеттері туралы айтты.
Экономика • 20 Мамыр, 2021
130 млрд теңгеден астам қаражат төленді
2021 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 102,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына 27,4 млрд теңге бағытталды.
Қоғам • 20 Мамыр, 2021
Адам өзін өзі тонай ма? Қарапайым қисынмен түсіндірсеңіз де, тереңге тартсақ та, алдымен кісі өзін тонайды. Уақытымызды тонаймыз. Қалатұғын сай үшін, өлетұғын тай үшін денсаулығымызды, көңіл күйімізді, иманымызды тонаймыз. Бірақ қанша тонасақ та тоймаймыз. Арамызда ақшасынан басқа дымы жоқ кедейлер көбейіп барады. Бұлар – кедейдің де кедейі.