Аймақтар • 19 Мамыр, 2022
Қызылорда қаласында өткен республикалық «Інжу-Маржан» Ұлттық дәстүрлі өнер байқауында еліміздің әр өңірінен келген 80-нен астам өнерлі өрен бақ сынады. Бесінші рет ұйымдастырылған бұл өнер бәйгесінде Қарағандыдан барып қатысқан Мағжан және Ұлжан Мыңбаевтар толайым табысқа қол жеткізді.
Білім • 19 Мамыр, 2022
Студенттер кеңес беру жобасына қатысады
Жақында елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жанынан «Жер мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру» орталығы ашылды. Енді аталған оқу орнының студенттері азаматтарға кеңес беру жобасына қатыспақ.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2022
Кәсіби бағдар беретін фестиваль
Кез келген қоғамның дамуы сапалы білімге байланысты. Осы орайда еліміздегі реформалар аясында жастарға кәсіптік-техникалық білім берудің маңызын арттыру мақсатында Президент қоғамға нақты тапсырмалар жүктегені белгілі.
Медицина • 19 Мамыр, 2022
Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну қанша адамнан табылуы мүмкін?
Ілуде бір адамда ғана кездессе де, ерте бастан диагнозы дұрыс қойылып, дер кезінде емделіп отырмаса, соңы ажал құштыратын тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну (ТҚАІ) дейтін дерт бар. Өкінішке қарай, тұқым қуалайтын бұл кеселді көп жағдайда кәдімгі аллергия сияқты аурулармен шатастырып, шипасы дұрыс жасалмайтын жағдайлар жиі орын алып жатады. Өйткені оның белгілері басқа ауруларға ұқсайды. Сондықтан оны әу бастан анықтап, асқындырмай емдеп отыру – оған душар болған жандардың қиналмай, қалыпты өмір сүруіне септеседі.
Қаржы • 19 Мамыр, 2022
Биыл наурыз айында екінші деңгейлі банктердің қарыз портфелі 0,7 пайызға артып, 20,45 трлн теңгеге жеткен. Сарапшылардың айтуынша, банктер жеке және заңды тұлғаларға белсенді несие көмегін жасап жатыр. Бөлшек сегментте кепілсіз несие алу процесі толықтай автоматтандырылған. Клиенттер тұтынушылық несиелердің 50 пайызын мобильді қосымша арқылы алуға машықтанған.