Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Рақымжан – отбасында екі апасының соңынан ерген ұл. Қазақ сағындырып келген ұл баланы еркелетіп өсіретіні белгілі, алайда Рақымжан есі шыққан ерке, шектен шыққан тентек емес, ақылды бала.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Сұрапыл соғысқа Атырау аймағынан 43 мыңға жуық адам аттанған. 15 364-і сол күйі оралмады. Майдангерлер тұтынған бұйымдар, фотосуреттер мен құжаттар облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Соғыста жеті орден алған қазақ
Екінші дүниежүзілік соғыста отандастарымыз, ерліктің ерен үлгісін көрсеткенін жақсы білеміз. Бірақ аласапыран болып жататын соғыс жағдайында қазақтардың көп ерлігі ескерілмей, кейде тіпті тиісті марапаттары басқалардың қанжығасында кетіп жатқан жайлар да жиі болғанын естігенбіз. Ал біз бүгін әңгіме еткелі отырған Қабдолла Көшербаев ағамыз, құдайға шүкір дейік, өзінің жасаған ерліктерінің бәріне тиісті марапаттарын түгел алған екен.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқтардың мәселесі де өзекті
Депутаттардың аймақтарға іссапарларында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек және қазір барынша кең таралған онкологиялық ауру мен қант диабеті бойынша берілетін тегін дәрілер туралы көп сұрайды.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Мемлекеттік колледждер жүйесі сақталуы тиіс
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, 2017 жылдан бері «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасы іске асырылып келеді. Бұл жастардың жұмысшы кәсіптерін игеріп, жұмысқа тұруына жағдай жасаған шын мәніндегі көреген әрі ауқымды бағдарлама болды.