Бизнес • 15 Мамыр, 2023
Астанада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Қазақстан машина жасаушылар одағының ұйымдастыруымен ONDEU EXPO өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі ашылды. Көрмеге Аустрия, Германия, Израиль, Италия, Канада, Қытай, Түркия, Франция және Швейцарияны қоса алғанда әлемнің 17 елінен 250-ден аса делегат қатысты.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2023
«Jetisu IT-Hub» технопаркі ашылды
Мемлекет басшысы Жетісуға келген сапарында инновация және бизнес экожүйесін дамыту керектігін айтып, қажетті «IT-Hub» ашуды тапсырған еді. Жарты жылдан кейін игілікті істің тұсауы кесілді. Жастар ресурстық орталығы жанынан «Jetisu IT-Hub» ашылды. Технопарктің лентасын қиюға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы келді.
Елорда • 15 Мамыр, 2023
Астанада әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасы газға тегін қосылады. Олардың ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар жандар, көпбалалы және тағы басқа санаттағы тұрғындар бар.
Пікір • 15 Мамыр, 2023
Қазір ауылда жастар қалмай барады дегенді жиі естиміз. Бірақ оған жастарды кінәлау қиын. Жалпы, бұл өте күрделі мәселе. Оның түрлі себебі бар. Алдымен соған үңіліп көрейік.
Әлем • 15 Мамыр, 2023
«Мокко» циклоны: Мьянмада 6 адам қаза тапты
Бангладеш пен Мьянма жағалауында кейінгі 20 жылдағы ең күшті «Мокко» циклоны көтеріліп, Мьянмада алты адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News-ке сілтеме жасап.