Қоғам • 15 Мамыр, 2019
Жүз жылдық тарих. Бір ғасырды қамтитын уақытта қазақ халқы небір аумалы-төкпелі кезеңдерді басынан өткерді. Осынау жүз жылдағы әрқилы оқиғаларды, басты мәселелерді «Egemen Qazaqstan» газеті халықпен бөлісіп отырды.
Әлем • 15 Мамыр, 2019
Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы жанындағы халық аспаптар оркестрі мен «Аққу» би ансамблінің жетістіктері өнерсүйер қауымға жақсы мәлім. Атап айтқанда, осы өнер ұжымы 2003 жылы құрылған. Орталықтың негізін қалаушы әрі алғашқы көркемдік жетекшісі – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, профессор Қайырғали Қожанбаев. «Аққу» би ансамблі екінші мыңжылдықтың тоғысынан бері өнер сүйер қауымды би өнерінің тылсым сырымен сусындатып келеді. Бұл ретте оның көркемдік жетекшісі Омар Мәмбетов пен бас балетмейстр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлнәр Мәмбетованың еңбектері елеулі.
Қоғам • 15 Мамыр, 2019
Сәуір самалы Жер-анаға нәр беріп, айналаға нұрлы шуағын шашып, табиғат жайнап, далада еңбек көрігі қайнап, төрткүл төңірек гүлдестемен көмкерілген уыз шақта күллі түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласына Күншығыс елінен бір турист келген. Шетелдік қонаққа бәрі де таңсық. Айналаға қызыға, тамсана көз тастайды. Сәттілікті қарасаңызшы, Нанака Ишидо атты жапон жігітімен сапарлас болудың орайы келе кеткені.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2019
«Ауыл қамқоршысы» неге тоқтап қалды?
Қазақ поэзиясының патриархы, Қазақстаның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі ертеректе жазған өлеңдерінің бірінде «Ұмытып бара жатсаң борышыңды, арала атамекен қонысыңды. Ажары қашқан ауыл еске салар, халқыңа азаматша болысуды», деп төгілдіре жырлаған екен. Қазіргі кезде ауылдық аумақтарды жаңғырту ісіне кәсіпкерліктің басы-қасында жүрген туған топырағының төл перзенттері үлес қосып жүр.
Руханият • 15 Мамыр, 2019
Туған жерін қорғап, бар ғұмырын ат үстінде өткізген Алаштың соңғы ханы Кенесарының заманында қара қылды қақ жарған әділдігімен, тәмам ел тығырыққа тірелген шақта тапқырлығымен ерекшеленген Бөгенбай би туралы Көкше бауырында естілердің есінде сақталған аңыз көп. Би суырылған сұңғыла шешен ғана емес, соғыс өнерін жетік меңгерген, қаптаған жаудан қайтпаған қайсар батыр да болған. Сондықтан да халық ардақ тұтқан. Ел құрметтеп, есіміне «әз» деген анықтауыш қосып, Әз-Бөгенбай атаған.