Медицина • 12 Мамыр, 2017
Мен оны жас әрі әдемі күйінде жадымда сақтаппын. Су шайып сарғайған суреті ғана бар еді. Десе де, тағдыр жолы жайлы тарихын анамыз әңгімелеп берген. Ол маған өмір сыйлаған адам. Жылдар өте келе жауынгердің қызы болудың құрмет қана емес, сәттілік те сыйлайтынын ұқтым. Мұндай бақыт әркімге бұйыра бермейді.
Медицина • 12 Мамыр, 2017
Жас дәрігерлер жәрмеңкеден жұмыс тапты
Бір кездері ауылдардағы фельдшерлік-акушерлік пункттер оңтайлануға ұшырап, есіктеріне қара құлып салынғаны, есте. Басын тартсаң аяғына жетпейтін қиын уақытта тиімді болған шығар, бірақ зардабы араға жылдар салып барып шыққан.
Медицина • 12 Мамыр, 2017
Халқымыздың репродуктивті, яғни ұрпақ өрбіту денсаулығын, ана мен баланың өмірін қорғау – Елбасымыз Н.Назарбаев белгілеген еліміздің стратегиялық бағытының аса маңызды бөлігі. Денсаулық сақтау жүйесінің жоғары деңгейін қамтамасыз еткенде ғана әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу мүмкіндігі туатыны анық. Бүгінде әлеуметтік жаңғырту түпкілікті өзгерістерді, денсаулық сақтау жүйесінің қайта құрылуын және денсаулығымызға деген көзқарасымызды өзгертуімізді де талап етеді. Елімізде заманауи емханалар салынуда, медициналық көмекке бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын өсуде. Медициналық кадрлардың әлемнің дамыған елдерінде білім алу, біліктілігін жоғарылату мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2017
Егіннің сапасы – өнімнің кепілі
Аймақта көктемгі-дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізу тақырыбына арналған семинар-кеңес сындарлы сипатта өтті. Аудан әкімдері, ғалымдар, аграрлық кеңестің мүшелері, аумақтық ведомство, фирма басшылары, агроқұрылым жетекшілері қатысқан алқалы басқосуда толғақты мәселелер кеңінен қозғалды.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2017
Астанада халықаралық үрмелі аспаптар фестивалі өтеді
Елорда күні құрметіне Қазақстан мен шетелдік үздік үрмелі аспаптар оркестрлері осымен 8-ші жыл қатарынан «Астана Самалы» халықаралық үрмелі аспаптар фестивалінде бас қосады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.