Аймақтар • 11 Мамыр, 2018
Ақтауда зәулім спорт сарайының іргетасы қаланды
Алдына қара салмаған желаяқ Тұяқов Әмин мен «қазақ боксының атасы» атанған Шоқыр Бөлтекұлын түлеткен, тәуелсіздік түлегі – екі дүркін Олимпиада жүлдегері Әділбек Ниязымбетов өскен Маңғыстауда соңғы жылдары спорт саласы қарқын алып келеді.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2018
Қазақстанның киелі орындарының географиясы: қорытындысы мен келешегі
2017 жылдың сәуірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланды. Онда халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау туралы айтылды.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2018
Петропавлдағы аттракциондар әлемі
«Аттракциондар әлемі» бүлдіршіндермен қатар ересектердің де сүйікті орны саналады. Немерелерін ерткен ата-әжелерді мұнда жиі кездестіруге болады.
Қатарынан келетін үш-төрт күндік демалысы бар мерекенің қарсаңы болатын. Ойда жоқта кездесіп шүйіркелесе кеткен бір танысымнан дағдылы әдетпен алда бірнеше күн демалыс келе жатыр, не бітірейін деп жатсың деп сұрай салдым. Шынын айтсам, оның не бітіретіні мені онша қызықтырып та тұрған жоқ, әншейін, әңгімені бірдеңеден бастау керек болған соң қойыла салған сұрақ болатын. Е-е, не істеуші едік. Демалысты пайдаланып ұйқыны бір қандырамыз да деп жауап қайтарды әлгі танысым. Немене, сонда төрт күн бойы ұйықтай бересің бе деп мен де қарап тұрмай қазбалай түстім. Бұл да енді әңгімені соза түсудің амалы. Жоға-а, деді жаңағы танысым, төрт күн бойы ұйықтап не көрініпті. Түске дейін ұйықтасақ та жетеді ғой. Түс ауа, уақыт болса, базар, дүкен аралап қайтатын шығармыз. Үйге керек-жарақтар алуымыз керек қой...
Аймақтар • 11 Мамыр, 2018
ОҚО-да баламалы қуат көздері көбеюде
Жасыратыны жоқ, күнгейдегі көрші елден әкелінген бағасы арзандау көкөніс жылыжайы көп Оңтүстікте саудаланып жатады. Өзінің шығаратын өнімі бар Өзбекстан шекарасын ашып жатқан уақытта отандық тауар өндірушілерге бәсекеге қабілетті болу маңызды.