Хоккей • 29 Мамыр, 2023
Хоккей ойнауды Латвиядан үйренеміз бе?
Шайбалы хоккейден Тампере (Финляндия) мен Ригада (Латвия) ұйымдастырылған элиталы кезеңнің әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі аптадан аса уақытқа жалғасқан мұз үстіндегі бәсеке Үйеңкі жапырақтар елінің жеңісімен аяқталды. Канадалық хоккейшілер финалда Германияны 5:2 есебімен қапы қалдырды. Ал қола жүлдені жарыс қожайындарының бірі – Латвия жеңіп алды. Олар үшінші орын үшін өткен кездесуде әлем біріншілігінің сенсациясын жасап, талантты жастардан жасақталған АҚШ құрамасын овертаймда опық жегізді. Сөйтіп, мұзайдын иелері өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.
Спорт • 29 Мамыр, 2023
«Astana Qazaqstan Team» командасының ұлыбританиялық ардагер велошабандозы Марк Кавендиш Римде мәресіне жеткен әйгілі «Джиро д’Италия» жарысының соңғы кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді. «Астана» велоклубының қатарын жыл басында толықтырған 38 жастағы спортшы Италиядағы гранд-тур тарихында кезең жеңімпазы атанған ең егде велошабандоз атанып отыр. Бұған дейінгі рекорд кезінде «Астана» сапында бақ сынаған италиялық Паоло Тиралонгоға (37 жас) тиесілі еді.
Спорт • 29 Мамыр, 2023
Регби 15-тен Қазақстан әйелдер құрамасы Алматыда ұйымдастырылған XII Азия чемпионатының финалында Жапония қыздарымен шеберлік байқасып, қарсыластарына ірі есеппен жол беріп қойды.
Футбол • 29 Мамыр, 2023
Бұл күндері Аргентина жасыл алаңдарында өтіп жатқан футболдан 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, плей-офф сатысына шыққан құрамалар анықталды.
Өнер • 29 Мамыр, 2023
Жетісудан сүйінші сұрап тұрмыз. Тұңғыш рет облыста эстрадалық-симфониялық оркестр құрылды. Бұл күн өңір тарихында алтын әріппен жазылары анық.