Футбол • 29 Мамыр, 2023

Көршілердің жетістігі

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Аргентина жасыл алаң­дарында өтіп жатқан футболдан 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқ­талып, плей-офф сатысына шыққан құрамалар анықталды.

Көршілердің жетістігі

Жастар арасындағы доп додасының 1/8 финалына шыққан 16 құраманың ішінде оңтүстіктегі көршіміз – Өзбекстан футболшылары да бар. А тобында бақ сынаған ала тақиялы ағайындардың өрендері алғашқы турда Аргентинадан 2:1 есебімен жеңілсе де, кейінгі ойындарда Жаңа Зеландиямен тең ойнап (2:2), соңғы турда Гватемаланы жеңді – 2:0. Осылайша, үш ойында төрт ұпай жинаған Өзбекстанның жастар құрамасы турнир кестесінде Аргентинадан (9 ұпай) кейінгі екінші орынға жайғасып, плей-офф кезеңіне тікелей жолдама алды.

Енді олар 1/8 финалда С тобында екінші орын алған Израиль құрамасымен кездеседі. Сонымен қатар 1/8 финалда АҚШ – Жаңа Зеландия, Гамбия – Уругвай, Бразилия – Тунис, Колумбия – Словакия, Англия – Ита­лия, Эквадор – Оңтүстік Корея және Аргентина – Нигерия құрамалары ойнайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15