Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Өмірі сағыныштан тұратын ел ағасы
Мырзатай аға – ұстаз, Мырзатай аға – ғалым, Мырзатай аға – рухани қазына, Мырзатай аға – дипломат, Мырзатай аға – әке, Мырзатай аға – ата, Мырзатай аға – дос... Осы атаулы сөйлемдердің ар жағына бойлайын десеңіз, бойлай алмайсыз. Себебі әрқайсысының тамыры өте тереңге кеткен. Оған бойлау қарапайым мен сияқты адамның қолынан келе қоймас-ау деп ойладым. Мырзатай ағаның кітаптарын оқыған сайын қайран қалам. Ағаның еңбектерін оқып болған соң өзің таныдым, бір кісідей білемін деп ойлайтын ақынды болсын, жазушыны болсын, қоғам қайраткерін болсын, жаңа ғана танығандай боласың.
Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған Жуалы ауданында бүгінде батыр атындағы мемориалдық музей жұмыс істейді. 1995 жылы 5 мамырда ашылған мәдени орталықта тұғыры биік тұлғаның тұтынған заттары, сыйға алған кітаптары мен бағалы сыйлықтары қойылған. Бұл дүниелерді музейге Бауыржан атамыздың келіні Зейнеп Ахметова тарту еткен.
Театр • 10 Мамыр, 2017
Асанәлі Әшімов ең мәртебелі марапаты мен даңқының бәріне 43 жасына дейін қол жеткізіп үлгерген. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағын 32 жасында, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын 35 жасында, КСРО Мемлекеттік сыйлығын 37 жасында, Қазақстанның халық әртісі атағын 39 жасында, ал 1980 жылы 43 жасында КСРО халық әртісі атағын иеленген.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Өмір сүру үшін өзгере де білу керек
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бірнеше жыл бұрын алғаш реті исі қазақ жұрты үшін киелі мекен – Ұлытаудың баурайындағы Әулиелі бақтың төрінде отырып, халқымен алғаш рет осындай форматта ақжарма көңілмен ақтарыла сыр бөлісіп еді.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамымыздың рухани дамуының бұдан былайғы жолдары нақты белгіленген.