Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Астана қаласындағы 19132 әскери бөлімінің Ми-171Ш тікұшағы экипажының командирі, майор Әлібек Оршабековтің осы кезге дейін зеңгір көкте өткізген уақытының жиынтығы 1 500 сағатты құрайды. Ол Ми-8/21 борт экипажының командирі ретінде Жеңістің 72 жылдық мерейтойы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылатын әскери парадқа қатысады. Бүгінде 2-класты әскери әуе ұшқышы – Ми-8, Ми-17, Ми-171Ш және «Еврокоптер» ЕС-145 сияқты тікұшақ түрлерін басқаруды меңгерген білікті маман.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Еліміз бойынша Тәуелсіздік жылдарында 39 әскери қызметкер ерліктері үшін мемлекеттік наградаларға ие болса, соның бірі «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты №35804 әскери бөлімінің взвод командирі, 2-санатты сержант Ержан Садықов. Ол қаладағы коммуналды шаруашылық бөлімінің екі жұмысшысының өмірін сақтап қалған.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Қызығы мен шыжығы қатар жүретін әскери өмірдің айнасына айналу кез келгеннің маңдайына жазылған бақ емес. Осы орайда, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қорғаныс саласының дамуына қомақты үлес қосып, Әскери байланыс жүйесінде ерен еңбек еткен генерал-майор Мүбәрак Орынбековтің орны бөлек. Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай еңбек демалысындағы қорғаныс саласының ардагеріне хабарласып аз-кем әңгімелескен едік.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
«Болашақ сарбазы» жиынтығы әзірленеді
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Болашақ сарбазы» жобасының келешегі талқыланды, деп хабарлады Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Әскери маман дайындау – жауапты іс
Қызылорданың ыстық даласында күннің аптабына арқаңды тоса жүріп қиялдаған балаң арман биікке жетеледі. Аптапта менің көз алдыма телегей көк теңіз, одан ескен салқын самал елестейтін, беймәлім бір теңіз әлемі шақырғандай болатын, – деп бастады өзі туралы әңгімені Ақтау әскери-теңіз базасы оқу орталығының бастығы, капитан-лейтенант Самат Дастан.