Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Отанды қорғау – қасиетті борыш
Қазақстан әскері құрылғаннан бастап ширек ғасыр ішінде қарқынды даму жолынан өтті. Әскерді қалыптастырудың негізгі кезеңдерінің артта қалғанына қарамастан, Қарулы Күштерді құру процесі аяқталған жоқ. Қазақстан әскерін одан әрі дамыту ісінде жаңа талаптар мен қауіп-қатерлер мейлінше ескерілуде, бұл ретте, басым міндеттердің бірі өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстанның қатысуын кеңейту болып табылады. Осы орайда, еліміздің Қарулы Күштерінің жетістіктері, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде Қорғаныс министрі Сәкен ЖАСҰЗАҚОВПЕН әңгімелескен едік.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Лайықтыларға – мемлекеттік наградалар
Өткен сенбіде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты. Салтанатты шараны ашқан Елбасы қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Отан қорғаушылар» монументі маңында өткен салтанатты шара аясында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етіп, монументке гүл шоғын қойды.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2017
7 мамыр күні Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміз Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған әскери парад өтті.