Бокс • 08 Мамыр, 2017
Азия чемпионаты: Қоржында жалғыз алтын
Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатын Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медалмен аяқтады. Бұған дейін қазақстандық боксшылар Азия чемпионатынан жалғыз алтынмен қайтпаған. Төрт біріншілікте ең кемі екі алтын медаль алған екен. 1995 жылы Ташкентте өткен Азия біріншілігінде алты алтын алса, 1999 (Ташкент) жылы екі алтын медаль бұйырған екен. Сол жылы өзбектер жеті алтын медальді місе тұтқан. Ал, Ташкенттегі биылғы додада бір ғана алтын медаль олжаладық.
Президент • 08 Мамыр, 2017
Елбасы Эммануэль Макронды Франция президенті болып сайлануымен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев Эмманюэль Макронға Франция Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2017
Павлодарда жаңа үйлер бой көтеруде
Облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарынша, биыл өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Шаңырақ 14» және «Projekt City Group» ЖШС-тары биыл көп қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде.
Футбол • 08 Мамыр, 2017
Мадридтік "Реал" 16 жасар бразилиялықты 67 млн долларға сатып алмақ
Мадридтік "Реал" "Фламенго" клубының жартылай қорғаушысы 16 жасар бразилиялық Винисиус Жуниорды сатып алмақшы, деп хабарлайды Globo.com.
Әлем • 08 Мамыр, 2017
Адамзат жүз жылдан кейін жойылады дейді Стивен Хокинг
Белгілі физик-теоретик Стивен Хокинг адамзат жаһандық апаттан аман қалмайтынын, сондықтан алдағы жүз жылда жаңа ғаламшарға көшу керектігін айтты, деп жазады cnbc.com басылымы.