Әлем • 08 Мамыр, 2017

Адамзат жүз жылдан кейін жойылады дейді Стивен Хокинг

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі физик-теоретик Стивен Хокинг адамзат жаһандық апаттан аман қалмайтынын, сондықтан алдағы жүз жылда жаңа ғаламшарға көшу керектігін айтты, деп жазады cnbc.com басылымы.

Адамзат жүз жылдан кейін жойылады дейді Стивен Хокинг

Мұның егжей-тегжейі BBC арнасында жазда шығатын "Стивен Хокинг: Жаңа Жерге экспедиция" атты деректі фильмде көрсетіледі. 

Осының алдында Хокинг уақыт өткен сайын жаһандық апаттың болу мүмкіндігі артып келе жатқанын айтқан еді. Ғалым апат алдағы 1000-10000 жылда болады деп болжады. Мұнан қашып құтылудың жолы басқа ғаламшарларға көшу екенін айтады физик. 

Ғалымның пікірнше, адамзат үшін негізгі қауіптер: Жерге астеройдтардың құлауы, климаттың өзгеруі мен Жер бетіндегі адамзат санының шектен тыс артуы. Бұл қауіптер қатарына ядролық соғыс, жаһандық жылыну, генетикалық модефикацияланған вирустар мен жасанды интелект те жатқызылған болатын.