Қазақстан • 29 Мамыр, 2022
Сервистік модель полиция жұмысына серпін бере ме?
Сервистік полиция дегеніміз не? Мұндай полицияның моделі қандай болуы керек? Халық пен тәртіп сақшыларының арасында тығыз қарым-қатынас орнатудың оңтайлы әдістері қандай? Бұл жөнінде әлемдік тәжірибелер не дейді? Нұр-Сұлтанда алғаш рет ұйымдастырылған құқықтық форумда осы сұрақтар төңірегінде қызу пікірталас өтті.
Әлем • 29 Мамыр, 2022
Жапония туристерді қабылдай бастайды
Жапония екі жылға созылған пандемиядан кейін шетелдік туристерді қайта қабылдамақ. Келесі айда үкімет 98 мемлекет пен аймақтан келген туристерге елге кіруге рұқсат береді. Саяхаттаушыларға қандай талаптар қойылады?
Әлем • 29 Мамыр, 2022
Сапасыз салынған ғимараттың зардабы
Иранның оңтүстік-батысында аяқталмаған ғимарат опырылып, үйінді астында қаза тапқандар саны 26-ға жетті. Бұл жөнінде осы елдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Абадан қаласында 10 қабатты «Метрополь» кеңсесі құлап, тағы ондаған адам зардап шеккен.
Әлем • 29 Мамыр, 2022
Украина: 682 бала зардап шеккен
Украинадағы жағдай бүкіл әлемге қиынға соғып отыр. БҰҰ мәліметіне сүйенсек, қақтығыс салдарынан жүз мыңдаған адам аш қалуы мүмкін. Ал шептегі жағдай айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Ресей тарапы Донбастағы бірнеше елді мекенді басып алғанын мәлімдеді. Бірақ Украина жағы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Қоғам • 29 Мамыр, 2022
Стартаптар технологиялық серпіліске жол ашады
Қазіргі қоғамда инновациялық жобаларға сұраныс жоғары. Нарық үдесінен шығу, осы үдеріске ілесіп отыру заман талабы десек, тың жобаларды әзірлеу мен өндіріске енгізудің экономикалық тәуекелі өз алдына. Көптеген елде стартаптарға барынша көңіл бөлінсе, болашағына күмәнмен қарайтын елдер де бар. Дүниежүзілік экономикалық форум деректеріне назар аударсақ, заманауи экономикалық жүйе азаматтар мен қоғамның қажеттілігін жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан экономикалық үдерістің жаңа үлгілерін жасау қажет.