Аймақтар • 09 Мамыр, 2019
Осыдан 19 жыл бұрын құрылған «Қос шынар» қоғамдық қорының төрағасы, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Ғ.Байдербестің есімі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының жұртшылығына жақсы таныс. Ғалымжан Ермағамбетұлының бастамасы бойынша Ақтөбе аймағында Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы мәңгі есте қалдыру мақсатында кең ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Жеңіс күні қарсаңында біз қор төрағасымен жолығып, бірер сауал қойған едік.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2019
Өзара ынтымақтастық дами береді
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің басшысы Свен-Олов Карлссонмен кездесті.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына жұмыс сапары барысында өңірдегі жолдардың сапасы сын көтермейтініне назар аударып, нақты тапсырмалар берген еді. Ел Президенті ерекше екпін беріп отырған жол мәселесі бас басылымда бұған дейін талай мәрте көтерілгені белгілі. Сондықтан біз бүгін аталған екі өңірдегі жолдардың жай-күйін тағы бір шолып шығуды жөн көрдік.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2019
Ардагерлерге лайықты қолдау көрсетіледі
Жер мен көкті оқ тұмсығы жұлып жеп, ақша бұлттардың аппақ қанатын қанға малған сұрапыл соғыс жылдарының суреті ел жадына етігімен от кешкен ерлерді салады. «Ердің ері – егеудің сынығы» дегендей, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде биылғы 1-мамырдағы дерек бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстағы алапат майданға қатысқан 87 мыңнан астам Ұлы Отан соғысының ардагері мен тыл еңбеккері тұрады. Олардың ішінде 1425 соғыс мүгедегі бар.
Спорт • 09 Мамыр, 2019
Мұхаммед пен Мэннидің мәрттігі
Жуырда АҚШ-тың әйгілі «Time» журналы жер жаһандағы ең ықпалды 100 адамның тізімін жария етті. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін есімдерін жатқа білетін бес бірдей спортшыны айтулы басылым үздіктер қатарына енгізген екен. Ал солардың арасында атақты футболшы, Мысырдың ұлттық құрама мен Англияның «Ливерпуль» клубының сақа ойыншысы Мұхаммед Салахтың көші бәрінен ілгері тұр. Бүгінгі таңда ол «Титан» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылып отыр.