Медицина • 05 Мамыр, 2017
Түбі жоқ тарихтың шежіресінде шерменде болып өткен шешелеріміз аз ба?! Елдің басына түскен түрлі тауқыметті тау көтергендей арқалап өткен ананың бірі – жүз жасаған Қалампыр Әлімбетова әжей. Бұл бір шерлі суретті қызылордалық фототілші 35 жыл бұрын Шіркейлі ауылында түсірген.
Медицина • 05 Мамыр, 2017
Өмірге ізгілік пен кішіпейілділіктің нұрын сеуіп өткен абзал да, ардақты азамат Қамидолла Нұртаев 90 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2017
Полицейлер ағылшын тілін үйренуде
Қостанайлық жиырма полицей ағылшын тілінің қысқа курсын бітіріп, сертификат алды. Олар жаз айларында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барып, қоғамдық тәртіпті күзететін болады.
Жарықтық Сәбеңнің – Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романының аяқталар тұсында Көкшенің кеудесінде тұрып қазақ даласының ұлы тауларын жіпке тізіп шығатыны әсіресе көнекөз, түрік құлақтардың есінде болар. Ел мен жердің қасиет-киесін бір ауыз сөзбен түгендегендей сол ғибратты жолдарды тағы бір көкейде тоқып, көңілде өрнектеудің тарихи сәті енді түскендей.
Әдебиет • 05 Мамыр, 2017
«Танымдық шығармаларым – өмірімнің бір бөлшегі»
Апыр-ай, ұршықтай шыр айналған уақыт мұншалық жүйрік болар ма еді... Бүкіл саналы ғұмырын қазақ баспасөзіне арнаған, «Егемен Қазақстан» газетіндегі шығармашылық белесінің өзі 40 жылға жуық майталман журналист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жанат Елшібек биыл 70 жасқа толып отыр. Жетпісті кейде «Шерхан Мұртаза ағамыз «жет» және «піс» деген екі сөздің қоспасы деп түсіндіріп еді ғой» деп жеңіл әзілге бұра тартқанымызбен, желмаядай желдірте жететін, жемістері желкілдей пісетін жасқа адам баласының ажары таймай, адымы талмай жетуінің өзі Құдайдың берген ерекше сыйындай түйіледі екен-ау. Жазушының туған күніне орай біз де мерейтой иесін әңгімеге тартып, қаламгерліктің қыр-сырына қанығып қайттық.