Қоғам • 04 Мамыр, 2016
Әдетте, қоңыр ала киіммен жүріп, мерекелік шара кездерінде юбкасы мен костюмі, басына шекелей қонған пилоткасы қараторы жүзіне жарасып, белін тағалы белдікпен нықтап, сымдай тартыла қалған қыздар әскеріміздің сәні. Тек сәні ғана емес, айбары да екен. «Отаным үшін не нәрсеге де дайынмын!» деп жігерлі тіл қатқан Әминаға қарап осылай ой түйдім.