Қоғам • 03 Мамыр, 2019
Еркіндігі жоқ елдің ертеңі жоқ
Ұлттық тәуелсіздігіміз ел экономикасы мен саясат саласынан өзге руханият арналарының да бағыт-бағдарын айқындап, кең өрістер ашты. Әсіресе еліміздің тарихы мен салт-дәстүрі, дін мен діл арақатынасы, мәдени-рухани бағыттар, тіл мен тәлім-тәрбие арналары айқындалып, жасампаздық жолына батыл қадамдар жасалды. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, қоғамдық өмірдің даму үдерістері, әсіресе бұл бағытта білім мен ғылым, мәдениет пен денсаулық саласының басымдық алуы қалың көпшіліктің ықыласын арттырып, жаңа уақыттың рухын паш етті.
Қазақстан • 03 Мамыр, 2019
Алдағы сайлау ел дамуына серпін береді
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ұйымдастыруымен «Қазақстандағы 2019 жылғы сайлау: ішкі және сыртқы саясаттың сабақтастығы мен тұрақтылығы» тақырыбында сарапшылар пікірталасы өтті.
Қазақстан • 03 Мамыр, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы халыққа Жолдауында жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілер қалыптастыру қажеттігі, олар мемлекет пен қоғам арасын жақындатудың дәнекері екендігі ерекше атап көрсетілген. Мемлекеттік қызметші сапаны өмір стилі етіп, өзін-өзі жетілдіруді басты қағидатына айналдыруы тиіс.
Қазақстан • 03 Мамыр, 2019
Назарбаев Университетінде INURА күшті импульсті ион үдеткіші негізінде жаңа зерттеу кешені ашылды. Ион үдеткішінің құрылысы – Назарбаев Университеті (Қазақстан), Берклидегі Лоуренс ұлттық зертханасы (АҚШ) және Томск ұлттық зерттеу политехникалық университеті (Ресей) арасындағы үшжақты ынтымақтастықтың нәтижесі.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
Түлектер трансұлттық компанияда еңбек етеді
Еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингі түлектердің жұмысқа орналасу нәтижесіне байланысты айқындалмақ. Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде кешенді іс-шара қолға алынды. Соның бірі, студенттерді сұранысқа сай мамандықтар бойынша оқыту. Бұл үшін өңірдегі және республика аумағындағы іргелі кәсіпорындармен, сондай-ақ трансұлттық компаниялармен тиісті келісімшарттар жасалды.