Спорт • 29 Мамыр, 2020
2020 жылғы Бостон марафоны өтпейтін болды
Бостон Атлетикалық қауымдастығы (B.A.A.) 124-ші Бостон марафоны COVID-19 пандемиясына байланысты марафон өтпейтіндіктен, виртуалды шара ретінде ұйымдастыратынын хабарлады.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Қарағанды: Тарих тағылымына тағзым
Кешегі кеңестің қанқұйлы заманындағы тарихтың қатпарына үңілсек, мынадай жантүршігерлік деректер алдымыздан шығады: 1921-1954 жылдар аралығында КСРО-да «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» деген жаламен 3 миллион 777 мың адам сотталып, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілген екен. Ал Қазақстанды жеке алып қарасақ, қуғын-сүргінге 103 мыңға жуық адам ұшырап, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесіліпті. Олардың басым бөлігі ғалымдар, мәдениет, саясат және қоғам қайраткерлері сынды зиялы қауым өкілдері еді. Яғни, жаппай саяси қуғын-сүргін жылдары қазақ зиялылары мен мемлекет қайраткерлерінің «қаймағы» сылып алынып, жазықсыз жазаға ұшырады. Олардың ішінде Қарағанды облысынан шыққан Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов, Жанайдар Сәдуақасов, Абдолла Асылбеков сынды қазақ халқының аяулы ұлдары да бар еді...
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Қостанайлық полицейлер балалар үйіне базарлық әкелді (видео)
Тобыл өңірінің тәртіп сақшылары жыл он екі ай ішінде өтетін атаулы мерекелер қарсаңында балалар үйіне бас сұғып, балғындарды түрлі тарту-таралғы, сыйлықтармен қуантуды үрдіске айналдырған.
Қоғам • 29 Мамыр, 2020
Елімізде Орталық Азиядағы ең үлкен қонақжай кешені ашылады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков туризм саласын мемлекеттік қолдау және Қазақстанда ішкі туризмді дамыту шаралары туралы айтты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тарих • 29 Мамыр, 2020
Ғатаулин қалай халық жауы болды?
Отандық тарихшы Серік Мәшімбаев 2016 жылы жарық көрген «Қосөзен аралығындағы Қазталов тарихы» атты еңбегінде, қуғын-сүргін жылдары Қазақстанның өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.Ежов мұртты көсем Сталиге жазған хатында: «...Барлық қазақ кадрлары коммунистер ұлтшылдықпен уланған, бұлардың арасында дені сау партиялық күш жоқ» деген екен. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД-ның қанды шеңгеліне ілініп, осылардың 22 мыңы атылып кеткені жайлы деректі келтіріпті.