Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Тәженге дейінгі жол құрылысы күзде аяқталады
Бейнеуден бастап Тәженге дейін салынып жатқан автомобиль жолының құрылыс жұмыстарын мердігер компания басшыларының айтуынша, қыркүйек айына дейін толық аяқтап, тапсырмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Е.Тоғжановтың Бейнеу ауданына сапары барысында айтылды. Егер жол пайдалануға берілсе, ауыл халқына да мол мүмкіндік тіршіліктің жаңа бағыты пайда болады.
Футбол • 29 Мамыр, 2019
Бүгін түнде Еуропа лигасының финалы өтеді
Мамырдың 29-нан 30-на қараған түні Әзірбайжанның бас шаһары – Бакуде УЕФА Еуропа лигасының финалдық ойыны өтеді. Беделі зор осы жарыстың бас жүлдесін Англияның қос клубы – «Челси» мен «Арсенал» өзара сарапқа салады.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Бейнеуде үш жаңа нысан пайдалануға берілді
Бірі - 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Бір кезеңде 600 адамға дейін қабылдай алатын спорт кешенінде футбол, волейбол, үстел теннисі, баскетбол ойнайтын алаңдар мен күрес залы және тренажер залы бар.
«Берекелі Рамазан» атты қайырымдылық концерт өтті
Аталған іс-шара тұрмысы төмен ауру балаларды қолдауға арналды.
Саясат • 29 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Отырысқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.