Тарих • 28 Мамыр, 2021
1979 жыл. Португалия. Мойынқұмдықтар
...Кешегі Кеңес өкіметі кезінде Жамбыл облысының шалғайда жатқан Мойынқұм ауданында құрылған «Мойынқұм» ән-би ансамблінің атағы дүрілдеп шығып еді. Олай дейтініміз, бұл өнер ұжымы қаз тұрып, қадам басқан соң-ақ көп ұзамай 1978 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде екі-үш концерт қойып, алып қала тұрғындары мен қонақтарының ризашылығына бөленген. Бұл туралы елдің ең басты газеті «Правда» «Поют домбры» деген көлемді мақала жариялаған.
Бағдарламалар • 28 Мамыр, 2021
Цифрлы жүйемен басқарылатын сүт фермасы
Осыдан бірнеше ай бұрын Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында компьютермен басқарылатын жаңа сауын фермасы жұмыс істей бастады. Новопокров ауылындағы «Тойсай» серіктестігінде ашылған «ақылды» фермадағы 300-дің үстіндегі сиыр тәулігіне 5 тоннаға дейін сүт береді. Мұнда орнатылған цифрлы қондырғының көмегімен операторлар бір мезгілде 32 сиыр сауады. Сүт фермасы бүгінде ауылдың 30 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Қоғам • 28 Мамыр, 2021
Қазір қымбатшылық қысымы ақпанның ақ түтегіндей қарапайым жұртты қысып, қолына тиген теңгесі шақша басына тартса, сіңірленген аяғы шығып, айласы құрып отырғандай.
Елорда • 28 Мамыр, 2021
Тұңғыш Президент – Елбасы музейі ғимаратының жанындағы саябақ аймағы жаңа спорт алаңдарымен және демалыс аймақтарымен толықты.
Тарих • 28 Мамыр, 2021
Еліміз өз тәуелсіздігін алған кезеңнен бері қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қазақ ғалымдарының алыс және жақын шет елдердегі, соның ішінде Қытайдың архивтеріндегі ізденістің ұлт тарихын едәуір түгендеуге зор әсер еткені бар. Алайда, әлі де болса, төл тарихымызды тереңінен зерделеп, оны бүгінгі күннің ақиқатына және талабына сай қалпына келтіру керек-ақ. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс», деп жазған болатын.