Зерде • 30 Мамыр, 2024
Керекуде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың талай ұлт қаймақтары, соның ішінде Әлихан Бөкейхан жазасын өтеген «Ақ түрме» болған. Ғимарат ақ патша заманынан, ақтардан қалғаны себепті халық аузында солай аталып кеткен деседі. Қазір бұл көне нысанның орнында тоғыз қабатты зәулім баспана бой көтерген.
Үкімет • 30 Мамыр, 2024
Маңызды түзетулер мен толықтырулар мақұлданды
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында еліміздің ішкі, сыртқы мәселелеріне қатысты 14 заң жобасы қаралды. Соның ішінде елдегі маңызды құжаттар ғана емес, «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары, Қытай мен Қазақстан Үкіметтерінің көлік бағыты, «Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу» жөнінде хаттама да бар.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2024
Жақында ғана әлеуметтік желіде Қызылорда қаласының іргесіндегі «Ягодка» саяжайындағы жылыжайлардың бүгінгі ахуалын көрсеткен видео жарияланды. Кезінде әп-әдемі кешен болып басталған жылыжайлардың жұлым-жұлымы шыққан қазіргі кейпі шынымен де адам аярлықтай. Желідегі бейнеүзік астына тізілген неше түрлі пікір бар. Біразының ойы «есіл дүниені бұлай қор қылғанша, бізге неге бермейді?» дегенге саяды.
Өндіріс • 30 Мамыр, 2024
Керекудегі «КазПрофБезопасность» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – еліміздегі жүздеген кәсіпорынның қызметкерін арнайы жұмыс киімімен қамтып отырған белді ұйым. Отандық нарықта 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан өндіріс орны бұған дейін Ресей, Қытай, Қырғызстан мемлекеттерінен жеткізіліп келген өнімді бүгінде өзіміздің арзан әрі сапалы тауармен алмастыра бастады.
Айбын • 30 Мамыр, 2024
Тыл мамандарының оқу-әдістемелік жиыны
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында тыл командирлері орынбасарларының, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің тылмен қамтамасыз ету қызметтері мен қоймалар бастықтарының қатысуымен оқу-әдістемелік сабақтар өтті.