Технология • 11 Мамыр, 2022
Жасанды интеллект жөніндегі жарыс жеңімпаздары
Қазақстандық студенттер «Imagine Cup Junior – 2022» виртуалды хакатондар сериясында финалистер қатарынан табылды. Осылайша, «Unicode» командасы жасанды интеллект көмегімен жолбарыстар популяциясын сақтау жобасы арқылы екінші орын алса, ал «Cognitive» отбасындағы зорлық-зомбылық туралы өтініштерді қараған кезде кететін ағаттықтар мен адами қателіктерді жою жобасы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.
Кино • 11 Мамыр, 2022
Қостанайда қазақ театрының қазығын қағып, негізін қаласқан аса көрнекті өнер қайраткері Серке Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған «Seraly Film Festival» республикалық қысқаметражды көркем фильмдер фестиваль-байқауы өтті.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Аманаттықтар ардагерлерді құттықтады
Жеңіс күні қарсаңында AMANAT партиясының мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аға ұрпаққа қамқорлық көрсету – партияның басым бағыттарының бірі.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2022
Қостанайда 12 үй өртеніп кетті
9 мамырда кешкі сағат бестен өте Қостанай қаласының шетіндегі жеке тұрғын үйлер қызыл жалынға оранды. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Тобыл өзенінің жағасындағы қамыс-құрақтан өрт шығып, жақын орналасқан тұрғын үйлер мен қора-жайларға, сол маңайда тұрған автокөліктерге тез көшкен. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қызыл жалын кешкі сағат 21:24-те сөндірілді.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2022
Қазір Павлодар қаласының билігі шыбын-шіркейдің мәселесімен әлек. Шалыс басса, тұрғындардың наласына ұшырайтынын жақсы түсінеді. Бастан өткен соң барынша қамданып жүр. Бұл – мезгіл мәселесі. Шаһарда одан да маңызды проблемалар аз емес. Жылу құбырларының тозуы, жолға асфальт төсеу сияқты коммуналдық бағыттағы жұмыстар шашетектен. Сәйкесінше, шағым да көп.