Өнер • 11 Мамыр, 2022
Біздің бүгінгі әңгімеміз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының іргетасын қалаушы, академик Ахмет Жұбанов сынды тұлғалардың ізбасары, музыкатанушы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ұлағатты ұстаз Пернебек Момынұлы жайлы болмақ.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2022
Қызылордада Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100, батыр есімін иеленген педагогикалық колледждің 90 жылдығына орай «Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға!» атты республикалық патриоттық жастар форумы өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи, зиялы қауым өкілдері мен ардагер ұстаздар форум мейманы ретінде қатысты.
Әдебиет • 11 Мамыр, 2022
Майданда жазылған жорық жырлары
Қазақ руханиятында «Жыраулық поэзия» деген арнайы тақырып бар. Бұны ауызекі тілде «жорық жырлары» деп те айтады.
Қоғам • 11 Мамыр, 2022
170 млн-ға жуық қызмет көрсетілді
Биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына 6 жыл толды. Корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, 5 жылда қазақстандықтарға 167 млн-нан аса қызмет көрсетілді.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Ол кезде «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің редакциясы Алматыдағы ЦУМ деп аталатын Орталық дүкеннің маңайында, Горький көшесінің бойында еді. Бүгінгі Абылайхан даңғылы мен Жібек жолы көшелерінің қиылысқан тұсындағы ғимаратта орналасқан. Газет өз заманындағы қазақ жастарының сүйікті басылымы, ақылшысы, рухани серігі. Жас қаламгерлердің ыстық ошақ, жылы отауы. Қысқасы, газеттің қоғамдық ортадағы беделі аса жоғары, дәуірлеген жұлдызды шағы-тын. Көңіл төрінде қалған сол бір әзіз жылдарды Фариза Оңғарсынова апамыз былай деп еске алыпты: «Бүгіндері баланы да, үлкенді де арбап алған көгілдір экран ол кезде жоқ. «Ленжас» республиканың әр түкпірінде жастың да, жасамыстың да қолынан түспейтін басылым еді. Очерк, әңгіме, топтама өлеңдердің үтір-нүктесіне дейін қалдырмай, астын сызып шұқшия оқитынбыз. Шағын хабар, соңғы беттегі әзіл-сықаққа дейін түгін қалдырмай ақтарып шығатынбыз».