Өнер • 27 Мамыр, 2021
Бугиваль – Париждің батыс маңындағы шағын аудан ғана емес, импрессионизмнің бесігі. Сол дәуірдегі шығармашыл топты іздесеңіз, бірден бугивальдықтардан сұраңыз. Сізге тарихын тарқатып береді. Иә, XIX ғасыр – ойлы ғасыр. Әсіресе Пьер Огюст Ренуар үшін сәтті жылдардың шеруіне ұласты. Бірақ неге екенін білмеймін, париждіктер үшін осынау кескіндеме Иван Тургеневті еске түсіреді. Себебі сол жылы Францияның астанасында атақты ақын дүниеден озған болатын. Суреттің бір сиқыры сонда болса керек.
Технология • 27 Мамыр, 2021
Ғарыш индустриясы. Осы сала алыптарына жете аламыз ба?
Арнайы талдау көрсеткендей, қазіргі ғарыш саласының негізгі қозғаушы тетігі ретінде 5 бағыт қарастырылып келеді. Нақты айтқанда, салалық өнеркәсіптегі шығындарды азайтатын технологиялық өнімдерді дамыту қажет.
Қоғам • 27 Мамыр, 2021
Дарақылық жеткіншектерге жарасатын қылық па?
Соңғы бір жыл бойы онлайн өткен оқу жылы да аяқталды. Елімізде соңғы қоңырау соғылған күні төбелес те тіркелді, жол ережесі де өрескел бұзылды. Өкінішке қарай, даңғазалыққа бой ұрып, дарақыланып жүргендердің дені – үлкен өмірге енді ғана қадам басқан жас түлектер.
Өнер • 27 Мамыр, 2021
Шыңжаң – Алтай аймағында ХІХ ғасырда Бейсенбі Дөненбайұлы деген айтулы күйші өмір сүрген. Бұл кісі күйші ғана емес, ел ішінде әділдігімен танылған би болған. Осы қасиетін жоғары бағалаған ел-жұрты оны қадірлеп «Бежең» деп атапты. Қазақ күй өнерінің ұңғыл-шұңғылына терең бойлаған ғибратты ғалым, қаламгер Ақселеу Сейдімбек ағамыз өз еңбектерінде Бейсенбі қарияның шығармашылығына арнайы тоқталып өткен. Өйткені күйші Шығыс Түркістан өңіріндегі шертпе күйдің бірден-бір өкілі саналған.
Тарих • 27 Мамыр, 2021
Жан түршіктірер аштық 1920 жылдардың басында Арқа даласын жайлады. Жалғыз Арқа даласын ғана емес, Орталық Ресейде, Кавказдың солтүстік аймағында, Украинада бұрын-соңды болмаған қуаңшылық болды. 1921 жылдың 21 сәуір күні Кеңес өкіметі азық-түлік салығын салып, әрбір шаруаның қамбасын тақырлап, азын-аулақ азық-түлігін тартып ала бастады.