Әдебиет • 27 Мамыр, 2021
Лондонның орталығындағы Вест-Энд деп аталатын батыс бөлігінде Ноттинг Хилл деп танылған шағын бұрыш бар. Азық-түлік, жеміс-жидек тағысын тағы күнделікті тұрмысқа қажет ұсақ-түйек, көненің көзі саналатын антиквариат бұйымдар дейсіз бе, әйтеуір іздеген адам жоғын табатын базар қысы-жазы тынбастан жұмыс істеп жататын. Осы бір қарбаластың арасында өмірдің мәнін түсіне алмаған көңілсіз бір жан кітап сатып тұрар еді. Ол – Уильям Такер (Хью Грант).
Тарих • 27 Мамыр, 2021
Әр азаматтың санасын сілкіп, бойына ұлтымыздың ұлы қасиеттерін сіңіріп, рухани кемелденуіне мүлтіксіз қызмет етіп келе жатқан, ақпараттық кеңістікте биік межелерді бағындырған ұлттың үнжариясы – Қазақ радиосы екені даусыз. Шерағаңша айтсақ, «Қазақ радиосы – республика мәдениетінің бел омыртқасы». Олай болу себебі, тұтас дәуір көшін арқалаған радио, тәуелсіздігіміздің отыз жылы ішінде еліміздің дамуы, егемендігімізді баянды ету мақсатында сіңірген еңбегіне баға жетпейді.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Төр Алтайдағы төте жол ашыла ма?
Есімде, жаздың күні ауылдың бас жағын шаңға бөктіріп сонау Моңғолиядан «скотимпорт» Семейге мал айдап өтетін. Мыңғырған малды Жазатырға жеткізіп, одан Шындығатай түсетін...
Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Туризмнің тартымды нүктесіне айналады
Әрқайсымыздың бала қиялымызда аспан әлеміне саяхат жасап, ғарышқа жеткіміз келсе де, іс жүзінде ғарышкер атану санаулы адамның ғана қолынан келген. Дегенмен бүгінде бұл тылсым әлемге бір елі жақындауға керемет мүмкіндігіміз бар. Неге десеңіз, ғарышқа апарар төте жол қазақтың дарқан даласынан бастау алады, ал Байқоңыр сол жолдың «қақпасы» іспеттес. Бай тарихқа ие «Байқоңыр» ғарыш айлағы – аспан әлемімен жақындастыратын Жер шарындағы саусақпен санарлық нүктенің бірі. Қазір футурологтер жеке ғарыш айлақтары құрылып, ғарыштық туризм белсенді дамиды деген болжам айтады.
Тарих • 27 Мамыр, 2021
Коммунистік партия 1927 жылғы XV съезінде жеке шаруашылықтарды қоғамдық меншікке айналдыру бағытын жариялады. Биліктің елді ұжымдастыру және отырықшыландыру шаралары халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі өркениет негізінде жасалған дәстүрлі мал шаруашылығын күйретіп, қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайының құлдырауына әкеліп соқты.