Тарих • 08 Мамыр, 2022
Адамзат тарихында орын алған қақтығыстардың барлығына ортақ трагедиясы көп. Солардың бірі кеңестік тарихта «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған Кеңес Одағы мен Германия мемлекетінің арасында болған соғыстағы тұтқындар қасіреті.
Қазақстан • 08 Мамыр, 2022
Күркіреп күндей өтті ғой сол жылдар…
Кеңес Одағының батыс шекарасына қарай бағытталып ұшқан сол оқ әлемді бір-ақ сәтте асты-үстіне төңкерді. Адамды адамға дұшпан етті, мейірім мен қатыгездікті адамзат жүрегінде арпалыстырды. Сол сәттен бастау алған бақандай төрт жыл миллиондаған керзі етікті жер жастандырды, қарғыс атқан қаралы 1845 күн миллиондаған орамалдың ұшын көз жасына шылады…
Қазақстан • 08 Мамыр, 2022
Мен бірде Алматыдағы М.Әуезов атындағы драма театрына спектакль көруге бардым. Сондағы үзіліске шыққанда соғыс ардагері Шайхыслам Баймұхамбетов ағайдың ұлы Бағланмен кездесіп қалдым. Екеуіміз ағалы-інілі болып құшақ жая қауыштық. 60-70-80-жылдардағы Нарынқолда өткізген күндерді әңгімелеп, мәре-сәре болдық та қалдық. «Қазір жол жақсы ғой. Баяғы ГАЗ-69 машинасы емес. Көлігіміз жүрдек. Ауылға туысқаншылап барып тұрамын», деді Бағлан. Иә, сонау бір кездері Нарынқолдан Алматыға жетудің өзі мұң еді. ПАЗ деп аталатын шағын автобустар. Оның өзі санаулы. Жолаушылардың оған сыймай таласып жатқаны. Жол да оңып тұрған жоқ еді. Ал енді... Уақыт бәрін де қалпына келтірген. Өзгерткен. Бағлан інімнің сөзінен мен міне, осыны ұқтым.
Тарих • 08 Мамыр, 2022
Жуықта елорда төрінде орналасқан Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейіне журналистік тапсырмамен барған сапарымызда көрме залынан қазақтан шыққан танкіші қыздар туралы жәдігерді көріп қалдық.
Тарих • 08 Мамыр, 2022
Бүгінгі сөз бір жазушының, атап айтқанда, Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевичтің майдангер қыздарды іздеп, олармен тілдесіп, бірнеше блокнот пен сансыз магнитофон кассеталарын түгелдей соғыс туралы естеліктер мен оқиғалар тізбегіне толтырған жазбасы жайында болмақ.