Қоғам • 29 Мамыр, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту және «қарапайым заттар экономикасы» мен шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері қаралды.
Әлем • 29 Мамыр, 2019
Украинаның алтыншы президенті қызметіне кірісті
20 мамыр күні Украинаның жаңа сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтті. Оған бірнеше елдің басшылары, өкілдері келді. Қазақстаннан Сенаттың вице-спикері Бектас Бекназаров қатысты. Бұған дейін ешбір саяси тәжірибесі болмаған Володимир Зеленскийдің рәсімде қандай мәселелерге назар аударатыны, жалпы шараның қалай өтетіні медиа қауымдастықты қызықтырғаны рас. Себебі В.Зеленскийдің билікке келуі бұл елде жаңа саяси кезең басталғанын білдіреді.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Өңірдегі кешегі күн Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған мерекелік шараларға толы болды. Ең бастысы, ақтөбеліктер атаулы датаны толайым табыстармен, құтты мекен Ақтөбеге деген шексіз сүйіспеншілік сезіммен қарсы алды. Еліміздегі бүгінгі бесінші қала бұдан 150 жыл бұрын, яғни 1869 жылдың 28 мамыры күні алғаш рет әскери бекініс ретінде құрылған екен.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
«Ұлы Дала мұрагерлері» экспедициясы 5 мың шақырым жол жүрді
Орал қаласынан шыққан «Ұлы Дала мұрагерлері» экспедициясы 5 мың шақырым жол жүріп, Ресей Федерациясының Астрахань, Пятигорск өңірлерін аралап, Қырым түбегіндегі Ялта және Бақшасарай қалаларында болды. Саяхатшылар Бөкей ордасының соңғы билеушісі Жәңгір ханға қатысты тың мәліметтер тапқан.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2019
Өлшеусіз еңбекке – лайықты құрмет
Нұрсұлтан Назарбаев соңғы ширек ғасырдағы түркі интеграциясының көшбасшысына айналған тұлға. Содан да болса керек, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұсынысымен бауырлас мемлекеттердің басшылары Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің өмір бойғы Құрметті төрағасы мәртебесін берді. Бұл лайықты тұлғасын қадірлеген жұртшылықтың құрметі болса керек.