Өнер • 05 Мамыр, 2022
Мемлекеттік орталық музейде «Бірге жасаймыз» білім беру көркем жобасы қатысушыларының «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі ашылды.
Спорт • 05 Мамыр, 2022
Қазыбек Нөгербек – абсолютті чемпион!
Грекияның Родос аралында шахматтың рапид және блиц түрлерінен ұйымдастырылған 2022 жылғы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Осыдан бірер күн бұрын 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапидтен әлем чемпионы атанған ФИДЕ шебері Қазыбек Нөгербек тағы да жаһандық додада үздік шықты. Отандасымыз бұл жолы блиц шахмат түрінен қарсыластарынан оза шауып, әлемнің теңдессіз шахматшысы деген атаққа ие болды.
Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Мамыр, 2022
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Алаштың Ахметі» спектаклінің премьерасы өтті. Драма-элегия жанрындағы сахналық туынды ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жер тұтастығы мен ел бүтіндігін сақтап қалу жолындағы жанкешті еңбегі мен елдің саяси-рухани тұрғыда еңсе түзеу жолындағы қайраткерлігін бейнелейді.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2022
Қысқа жолға қаржы бөлінбей ме?
Соңғы жылдары Павлодар облысында жолды жаңарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Тіпті Кеңес заманынан бері асфальт төселмеген жолдар жаңа кейіпке енуде. Десе де, жыл сайын шамамен 500-600 шақырым жолдың тозғаны анықталады екен. Мердігерлер жөндеу жұмыстарын сапасыз атқарады деп күмән келтірсек, құзырлы органдар көлік қарқыны артып, сәйкесінше жол жабындысына түсетін жүктің көбеюімен байланыстырып отыр.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2022
Кері байланыс көпшілік көңілінен шықпай тұр
Көпшілік тарапынан көтерілген күрделі мәселеге дер кезінде жауап беру – уақыт талабы. Бұл ретте әлеумет пен әкімдердің тығыз байланыста болуы да өте маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында жергілікті биліктің басшыларына бұқарамен бірлесе жұмыс атқаруды тапсырған болатын. Президенттің бұл тапсырмасы өңірлердегі талай түйткілді мәселенің оң шешілуіне ықпал етіп келеді. Түрлі деңгейдегі әкімдер де көпшілікпен кездесулерінде барлық сала бойынша тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын айтады. Әрине, әр өңірде жүйелі жұмыс баршылық. Дегенмен күрделі мәселе де көп. Оның бәрі де оң шешілуде деп айту қиын. Кері байланыс көптің көңілінен шықпай келе жатқан аймақтар да бар.