Аймақтар • 05 Мамыр, 2022
Катонқарағайда Ұлттық табиғи парк құрылғалы құрып кеткен аң-құстар көзге түсе бастады. Кейінгі жылдары ауыл ішіне тұяқты аңдардың кіріп кетуі таңғалатындай жағдай емес. Оны қойып, ауыл ішінде аюдың қонжықтары асыр сала ойнап жүргенін де ауылдықтар көрген. Ал биыл күн жылына сала Шыңғыстай ауылының іргесіне қос аққу қоныпты.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2022
Үйірлі шегірткелер үрей туғызады
Қазақстанның әртүрлі табиғи-экономикалық аймақтарында шегірткелердің 270 түрі тіршілік етеді. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы егістіктері мен ауыл шаруашылығына пайдаланатын алқаптарға жыл сайын үйірлі шегірткелердің 15-20 түрі қауіп төндіреді. Алайда олардың тек 10-15 түрі ғана астық және техникалық дақылдардың, көкөніс пен бау-бақша егістерінің, мал жайылымдары мен шабындық жерлердің аса қауіпті зиянкестері болып саналады. Республикамыздың әртүрлі аймақтарда шегірткелердің тіршілік ету және көбею ошақтары баршылық.
Өнер • 05 Мамыр, 2022
Елордадағы «Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен белгілі ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері Марфуға Бектемірованы еске алуға арналған «Аққуым менің, қайдасың?» атты әдеби музыкалық кеш өтті.
Әдебиет • 05 Мамыр, 2022
Қолбаладай телефоным қоңыраулатты. Қуаныш екен. Жиенбаев. «Осы жігіттің шығармашылығымен қоса адамгершілігіне де ішім жылиды», деп баға берген Әбдіжәміл Нұрпейісовтің ізбасар інісі. Анау-мынау нәрсеге іші жыли қоймайтын, ханнан да, қарадан да қаймықпай, айдарлы пікірін ашық айтатын Әбекеңнің ыстық лебізі мен ықыласына бөлену екінің біріне бұйыра бермеген. Телефон соғып тұрған сол Қуаныш Жиенбаев алыстан орағытпай, төркінді мәселесін төтесінен қойды.
Таным • 05 Мамыр, 2022
Алла қуат берсе адам жасай береді екен-ау... Тіпті 70-80 жыл бұрынғы бастан кешкен оқиғаларын да күні бүгінгідей есіне сақтайтындар да болады. Соның бірі Петропавл қаласының тұрғыны, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, 97 жастағы Қожатай Некібаев ақсақал. Қан майданды белшеден кешсе де ол еш жеріне жарақат салдырмай, қырғыннан қылау шалдырмай аман келіпті. Бастан кешкен оқиғаларын айтқанда ол күнін тап басып айтқанымен қоймай, қай дивизияның, қай полкында, қай бөлімшеде қашан болғанына дейін сартылдатып айтып береді. Қалай таңғалмассың?..