Руханият • 05 Мамыр, 2021
Төрегелді Шарманов: Ұрпағымыздың рухы қалғымасын
Тәңірден тәлейімізге бұйырған тәуелсіздігіміз тағылымды тұлғаларымызбен тұғырлы. Ұлттық тағамтану тақырыбындағы танымды ой мен ұрпақ саулығын тілге тиек ете қалсақ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Төрегелді ШАРМАНОВТЫ айналып өте алмасымыз анық. Ғасыр-ғұмырға бет алса да, ғылымнан қол үзбеген қайраткерді қазақ қоғамының бүгіні мен ертеңі бей-жай қалдырмайды. Елдіктің еңселенуі жолында еселі еңбек етіп, көш басындағы азаматтармен бірге мемлекет іргетасын қаласқан айтулы ғалымның айтары көп.
Әдебиет • 05 Мамыр, 2021
Соғыс жайлы сөз қозғалса, жусанның иісі келеді мұрыныма. Қарның ашқанда танауыңды тигізіп бір жұтып алсаң, жетіп жатыр, денеңе қайта күш біткендей жігерленесің. Біздің ауылдың іргесінде көп өсетін. Жалғызынан айырылған ананың көз жасына суарылып, сүйгенінің аманатындай жол қараған сұлудың жан қалтасында жүретін. Ауыл балалары әкелерін сағынғанда қырға шығып, айнала шауып, үстіне әрі-бері аунап, киімінен күні бойы жусан аңқып тұрады. Сонда ата-әжелер әкелерін неміс өлтірген немерелерінің екі бетін кезек-кезек шөпілдетіп сүюші еді.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2021
Саяжайлар бюджетке артық салмақ па?
Ортағасырлық қалаларда қарапайым халық тұратын шеткі бөліктің рабад аталғаны белгілі. Археологиялық зерттеулер қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін осы ауылшаруашылық аймақтарында дәулетті тұрғындарының жеке иеліктері де салынғанын анықтап отыр. Кейіннен Ресейде де пайда болған және бекзаттықтың белгісі саналған саяжайлардың түп-төркіні осы рабадтарда жатқан сияқты. Тарихшылар Мәскеудегі Кунцево, Сокольники, Останкино кезінде бай-бағлан мекен еткен осындай аймақтар болғанын айтады.
Әлем • 05 Мамыр, 2021
Бұған дейін де жазып келгеніміздей, жыл басынан бері, яғни АҚШ-та саяси билік ауысқаннан кейін халықаралық қатынастар жүйесінде әлемдік деңгейде мәні мен маңызы зор оқиғаларға куә болып отырмыз. Қалыптасқан ғаламдық жағдай мен жаһандық күн тәртібіне өзіндік өзгерістер енгізуі әбден мүмкін елеулі оқиғаларға дипломатиялық тұрғыдан сараптама жасап көруді жөн көрдік.
Екі жыл бұрын жарыққа шыққан «Қағаз үй» (Money Heist) испан телесериалының алғашқы шығарылымы көрермен жүрегін лезде жаулап алды. Асыра айтқандығымыз емес, расы солай. Батыл да қызуқанды мінезімен танылған сериал кейіпкерлерінің бейнесі билік озбырлығы мен капиталистік құрылғыға қарсы тұрудың жаппай мәдени символына айналды. Сериалдың мамыр айында шығатын жаңа маусымын тағатсыздана күтіп отырғандар көп. Осынау фильмнің сәтсіздігі мен сәттілігінің құпиясы қандай?