Білім • 04 Мамыр, 2022
Өңірлік университеттерді нығайту – өмір талабы
Қазіргі таңда еліміздегі жоғары білім беру саласы түбегейлі өзгерістерді бастан кешіп жатыр. Заман талабына сай болуды мұрат еткен бұл реформаның түпкі мақсаты «Жаңа Қазақстанның» мүддесіне қызмет ететін жас буынның бойына нәтижелі білім мен өнегелі тәрбиенің дәнін сіңіру болса керек. Бүгінде сапалы маман даярлауға ден қойған мемлекет талаптың үдесінен шықпайтын оқу орындарын қысқартып, есесіне дәстүрге бай білім ошақтарының дамуына барынша қолдау білдіріп отыр. Осы ретте саланы реформалаудың кейбір қырлары академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің басқарма төрағасы-ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан ДУЛАТБЕКОВПЕН арада болған әңгімеде ашыла түсті деген үміттеміз.
Өнер • 04 Мамыр, 2022
Бұл картинадағы Моно Лиза емес. Алайда ол «солтүстік (немесе голландиялық) Моно Лизаға» айналған кейіпкер. Картинадағы маржаннан сырға таққан қыз образының пайда болғанына бес ғасырға жуықтапты. Бір қызығы, Ян Вермеер шығармашылығында жұлдызды туындыға айналған бұл портреттің салыну тарихында беймәлім сыр көп. Мәселен, автор «Інжу сырғалы қыз» картинасын нақты қай жылы салғанын жазбаған. Ал жалпыға мәлім 1665 жыл деген уақыт болжамдап көрсетілген екен. Әлқисса.
Өнер • 04 Мамыр, 2022
Ұзақ ой үстіндегі қоғам әйтеуір бір жарылады. Бұл – революцияға жол. Ал революция эволюцияның алғышарты. Жо-жоқ, ол билік ойлағандай жай ғана бүлік емес, халық шыдамының пісіп-жетілуі, қайшылықтардың абсцессі. Адамзат тарихы белгісіз көкжиектерге қадам жасайды. Сол арқылы ұлы шығармалар, алдүзік идеялар өмірге келеді.
Руханият • 04 Мамыр, 2022
Бала күнімде халық батыры Амангелді Иманов туралы түсірілген фильмді сан мәрте көрдім. Бірақ оның ұлттық кино тарихындағы алғашқы қазақ фильмі екенінен хабарсыз едім. Одан сол кездегі саясаттың «лебі» соғып тұрса да, қазақ киносының тарихы осы туындыдан басталады. Фильм 1938 жылы түсіріліп, 1939 жылы 25 қаңтарда премьерасы өтті.
Әдебиет • 04 Мамыр, 2022
Жер жаралғалы адамзат баласы бас қатырған ортақ құндылықтар сарқылған емес. Жаратушының адамдарға, табиғатқа, ғаламға жасырған қазыналары саналы адамның жұмбағына айналды. Әр ғасырда еркін ойлы перзенттер дүниеге келіп отырды. Мәселен, б.з.б. 528 жылы Будда ілімі тараса, б.з.б. 525 жылы Пифагордың математикалық мектебі құрылды. Б.з.б. 479 жылдары Конфуций ілімі өрістеп, 1399 жылы адамзатты өзін тануға шақырған дана Сократ көз жұмды. Аталған тұлғалардың барлығына тән бір ынтықтық болса, ол – өзін білуге деген құмарлық болатын.