Руханият • 04 Мамыр, 2022
Тілдің көсегесі қайтсе көгереді?
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Қайнар академиясының ұйымдастыруымен Ұлттық кітапханада Қазақ тіл білімінің бүгіні мен болашағына арналған дөңгелек үстел өтті. Осы жиында тілші-ғалымдар, қоғам қайраткерлері қазақ тілі ғылымын дамытуға байланысты өзекті мәселелерді ортаға салды.
Таным • 04 Мамыр, 2022
Үміт шырағын ұстап өткен ғұлама
Осыдан тура қырық жыл бұрын Әбсаттар ағам мені кабинетіне шақырды. Жүзінен нұр себелеген, күлімсірей қарап өзінің жіңішке қоңыр дауысымен адамды бірден баурап алатын қасиетін алғаш көргенде-ақ аңғардым. Сабырмен, ойлы көзін маған қадап бір қарап алды да, асықпай сөз бастады. Өзінің сол кезде атқарып жүрген қызметін (ҚазМУ-дың филология факультеті деканының орынбасары) тастап, алыстағы араб еліне ғылыми іссапарға аттанатынын айтты.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2022
Ел тыныштығын күзету – қастерлі міндет. Осы бір абыройлы іске жұмылған ҰҚК Шекара қызметінің сай тасындай жас сарбаздары Отан тыныштығын қорғауға салтанатты түрде ант берді.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2022
Қарулы Күштер туралы құнды құжаттар
Мазмұны ұлттық идеямен өрілген әрбір мемлекеттік стратегиялық құжатта әскери қауіпсіздік мәселесі қашанда басымдыққа ие болып келеді. Ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құралы саналатын сала жұмысын көпшілікке таныстыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі бірлесіп, Қарулы Күштердің құрылуының 30 жылдығына орай «Қуатты Армия – қуатты Қазақстан» атты тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2022
Армия сарбазын қалай қорғайды?!
Елімізде әскерге кеткен соқталдай сарбаздардың, өндірдей өрімдердің айдың-күннің аманында өмірмен қош айтысып, үйіне мүрдесі оралатыны неліктен? Бұл – ұзақ жылдар бойы жауабы таптырмай келе жатқан сұрақ және әлі нақты тосқауыл қойылмаған қасірет.