Бизнес • 05 Мамыр, 2021
Банктер ШОБ-ты несиелеуге құлықсыз
Шағын және орта бизнес субъектілері биыл да несие төлемін кейінге шегеру жеңілдігін пайдаланатын болды. Дегенмен бұл көмек ШОБ-тың қордаланған қаржылық проблемасын шешіп тастамайтыны да белгілі. Әрі жеңілдетілген несиені ала алмай пұшайман болып жүрген кәсіпкерлер қаншама. Екінші деңгейлі банктердің секторды қолдауға аса қатты ықылас танытпауы саладағы ахуалды сәл-пәл қиындатып тұрған жайы бар.
Руханият • 05 Мамыр, 2021
Әйгілі Гете де жетпіске келіп шау тартып, мына дүниенің жақсылығынан да жамандығынан да қажып, жанын нұрға бөлеп, тынымсыз жүрегі сая табатын самал іздегенде қолына шығыстың жауһарлары түседі. Ақын тосыннан тапқан олжасын былайша суреттейді: «Дүниенің теріскейі тарылып, Батыс батпаққа батып, Оңтүстік те ыдырап, патшалардың алтын тағы құлап жатқан мына шақта Шығысқа ұмтыл. Қаймағы бұзылмаған әлемнің самалымен сергіп, өміріңді жаңартып қайта жаса». Бар мағынасы осы бір жолдардан сезілетініндей, Гетенің көзқарасы, болмысы, дүниетанымы жаңаша түрленіп, осы әсерде жазылған «Батыс-Шығыс диваны» өзін Шығыс жұлдыздарының қатарына қоюға құқық берді.
Оқиға • 05 Мамыр, 2021
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі журналист, ғалым, саяси ғылымдар кандидаты Жұмабек Кенжалинді еске алуға арналған «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үдерістер: БАҚ менеджменті мен маркетингі және PR» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған іс-шараны ЮНЕСКО, Халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы І Кенжалин оқулары аясында ұйымдастырды.
Білім • 05 Мамыр, 2021
«Болашаққа» құжат қабылдау басталды
Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған жыл сайынғы конкурстың басталғаны туралы айтты.
Медицина • 05 Мамыр, 2021
Шала туған шақалақтарға шарапаты тиді
Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы – еліміздегі ең ірі перзентхана. Жыл сайын мұнда 8-8,5 мың әйел босанады, оның 12%-ы – мерзімінен бұрын босанатындар. Әлсіз туған сәбилерге дүние есігін шыр етіп ашқан сәттен бастап дәрігерлердің дәл машығы ғана емес, мықты медициналық аппараттар ауадай қажет.