Спорт • 04 Мамыр, 2021
Софияда соңғы жолдамалар сарапқа салынады
Ертең Болгарияның бас шаһары – Софияда күрес түрлерінен Олимпия ойындарының соңғы жолдамалары сарапқа салынатын халықаралық турнирдің шымылдығы түріледі.
Парламент • 04 Мамыр, 2021
Мәжілісмендердің мұнысы несі?..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге арнайы тоқталып, Президенттің заң шығару бастамасын пайдаланып, жерге қатысты заң жобасын Мәжіліс қарауына ұсынғаны мәлім.
Театр • 04 Мамыр, 2021
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры ішінен еркін шығармашылыққа арналған «QALLEKI» театр зертханасы ашылды. Зертхананың мақсаты – шығармашыл жандар үшін байланыс ортасын құру және өнерге өзгеше көзқарас жасап, тың дүниелерді сахналау. Зертхана алаңында эксперименттік спектакльдерді сахналау, шетелдік мамандармен шеберлік сағаттарын ұйымдастыру, жазушы-драматургтермен кездесу, пьеса талқылау, жаңа режиссерлермен байланыс орнату және тағы да басқа көптеген тың дүниелерді жүзеге асыру жоспарлануда.
Әлем • 04 Мамыр, 2021
БРЮССЕЛЬ. Еуропалық Одақ климат өзгеруі саласындағы көшбасшыға айналды. Таяуда ғана заңгерлер мен Одаққа мүше мемлекеттер Еуропаның климат заңы туралы келісімге келді. Құжатта климатты жақсарту жөніндегі мақсатымыз заңды түрде бекітілген. Экономиканы дамыту стратегиямыз – «Жасыл келісім». 2030 жылға қарай парникті газдар шығарылымын 55 пайызға азайту міндетін алдық. Нәтижесінде, Еуропалық Одақ 2050 жылы шығарылым көлемін мүлдем жою бағытында үлкен қадам жасады. Бірақ Еуропа жалғыз емес. Көптеген мемлекет декарбонизация бойынша міндеттеме алғандықтан, жаһандық ауқымда қажетті масса қалыптасып келеді.
Әлем • 04 Мамыр, 2021
Германиядағы «барқыт революция»
БЕРЛИН. Кейінгі 50 жылда Германия үш кереметті бастан өткерді. Еуропаның басты «науқасы» Exportweltmeister (экспорт чемпионы) атанды. Сонымен бірге өткенін жеңді (Vergangenheitsbewältigung). Бұрынғы дұшпандарымен достасып, саяси-экономикалық одақ құрды. Бірақ енді осы керемет арқылы құрылған қолайлы орта құлдырап барады. Соның салдарынан Германияның қазіргі басқарушы партиясы – Христиан-демократиялық одақ (CDU) көзіне шам жарығы түскен бұғы іспетті.